• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 02 Маусым, 2018

Алғаш рет 1 мың түлекке Астана әкімдігінің гранты беріледі

403 рет
көрсетілді

Алғаш рет 11 сыныптың 1 000 түлегі үшін бірқатар мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс (күндізгі бөлімде тегін оқыту) орналастырылады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің сайты.

Атап айтқанда, гранттар жалпы медицина (дәрігер-травмотолог, дәрігер-аллерголог), педиатр (реабилитолог, неанатолог, суицидолог), сәулетші (BIM - жобалаушы менеджер), дизайн (Web-дизайн, ландшафт дизайнері) мамандықтарына қарастырылған.

Сонымен қатар ІТ мамандардықтар бойынша тегін оқуға болады. Олардың қатарында есептеуіш техника мен бағдарламалық қамтамасыз ету (программист), ақпараттық жүйе (әзірлеуші және компьютерлік жүйенің талдаушысы), радиотехника, электроника және телекоммуникация (инженер - электроншы) бағыттары қамтылған. Бұдан бөлек, инженерлік жүйе мен желі (газ жабдықтау жүйесі құрылғысын пайдалану мен монтаж бойынша инженер-техник), құрал жасау және байланыс жөніндегі инженер, сондай-ақ құрылыс (құрылыста 3D баспа жобалаушы) мамандықтары бойынша гранттар бөлінеді. Осы тізімде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, физика (ағылшын тілін оқыту құқығымен қоса), биология, география, дефектология (логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог) кәсіптері ескерілген.

Талапкерлерден өтінішті қабылдау 2018 жылдың 1- 7 тамызы аралығында жүргізіледі.