• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2018

Қызылордада «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері» аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті

351 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен «Достық үйінде» «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері» аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.

Қызылорда облысында 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға толыққанды жұмыстар жасалып жатыр. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев:

– Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау үшін республикадан бастап, барлық өңірлерде қоғамдық кеңестер құрылды. Өңірлердегі кеңестер құрамына саяси партиялардың аймақтық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар және сарапшы мамандар мүше болды. Бұл кеңестер Елбасы бастамаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жалпыхалықтық бақылауды қамтамасыз етіп, қоғамдық мониторинг жүргізіп, оны тұрақты бақылайтын болады. Сондай-ақ, бағдарламаның орындалу барысы туралы халыққа ақпарат беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Мәселелерді анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын ұсынатын болады, – дейді.