• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2018

Ақтауда мемлекеттік рәміздер күнінде нұротандықтар еріктілер тобын марпаттады

427 рет
көрсетілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы «Ақтау қаласының қайырымды жандары» еріктілер тобын марапаттады.

Іс-шарада өңіріміздегі мұқтаж, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарына ерікті түрде қол ұшын беріп жүрген 16 адамға сый-құрмет көрсетілді. «Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары Нұри Тумышев еріктілер тобына жылы лебізін айтып, алғыс білдірді.

- Сіздердің азаматтарға көрсеткен шынайы қамқорлығыңыз бен еліміздің әлеуметтік мәселесіне қосқан үлесіңізді, Отан алдындағы патриоттықтың белгісі деп білеміз. «Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен болатын. Біз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңғыру жолындағы жастарға рух пен жігер беретін, өзге жастарға үлгі болатын қадамдарыңызды құрметтейміз!-деді ол.

«Ақтау қайырымды жандар» тобының жетекшісі Түркменбаева Нағима Төребайқызы еріктілер тобының мақсаты жөнінде атқарылып отырған шаралар жөнінде айтып берді.

- Қайырымдылық тобының басты мақсаты елімізде қарттар үйі мен жетім балалар үйінің болмауын, қоғамда аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, адамдар арасында сыйластық, кішіпейілділік орнату. Өз жұмысымызды осыдан екі жыл бұрын, яғни 2016 жылдың күзінде бастадық. Еріктілер тобында әр түрлі жастағы азаматтар, кәсіпкерлер, студенттер, аналар бар. Біздер осы уақытқа дейін отасына қаржы талап етілетін балаларға, баспанасы жоқ отбасыларға, мектеп жасындағы балалардың киімдерін бүтіндеуге күш жұмсап келеміз. Мәселен, Жетібайда көлік апатына түскен баланың 4-5 отасына жететіндей етіп, 10 күннің ішінде 4,5 млн. теңге жинап бердік. Осындай балалардың сауығуына қаражат бөліп, олардың толық жазылып кетуін бақылап отырамыз. Мүжәлсіз отбасылардан шыққан балаларға арнап «Арманың орындалсын балақай!» атты акция ұйымдастырып, мектепке баратын керекті заттармен қамтамасыз еттік. Олардың тізімін мешіттен және жұмыспен қамту орталығынан аламыз. Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі балалар тасада қалмасын деп  «Жұлдызды сәт» деген шара өткіздік. Онда балалар өз өнерлерін ортаға салады,- деген Нағима Түркменбайқызы болашақ жоспарларымен де бөлісті.

«Ақтау қайырымды жандар» төрайымы топтың ағымдағы жылдың тамыз айында Түркістан қаласында өтетін слетке қатысып, республика көлемінде қайырымдылық шараларын ұйымдастыратынын айтты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»