• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2010

ЕҚЫҰ-дағы ҚАЗАҚСТАН ТӨРАҒАЛЫҒЫ – ЕЛ БЕДЕЛІ МЕН ЕЛБАСЫНЫҢ САРАБДАЛ САЯСАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

1168 рет
көрсетілді

Елбасы Жолдауына қолдауын жеткізуді мақсат еткен хат иелері ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан­ның іс ба­сын­дағы төрағалығын еліміздің әлем қауымдастығы алдындағы зор беделінің көрі­нісіне, үлкен мәрте­беге балайтындарын білдіре келе, оны Елбасының жеке басының абырой-беделімен байланыс­ты­рады. “Еуропалық мемлекет басшы­ла­ры­ның сенім білдіруі Сіздің Қазақ­стан мемлекетін нығай­ту­да­ғы, ішкі және сыртқы саясатта бейбітсүйгіш сындарлы саясатыңыздың нәтижесі деп біле­міз”, деп жазады Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудан­дық ардагерлер ұйымының төр­аға­сы, ауданның құрметті азаматы Құрманбек Боз­дақбаев, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы Гүлбүбі Ешенқұлова, “Нұр Отан” ХДП аудандық өкілдігі, “Жас Отан” жастар қа­на­тының өкілі Дауыл­бай Жолдыбаев. Осындай ойды Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ома­ров және Мақтаарал аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Т.Досаев қуат­тап, өз хаттарында Ел­басыға алғыс­та­рын айтып, ақ тілектерін жолдаған. “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына төраға­лық кезінде ондаған жылдар бір-бірімен өштесіп, жаугершілікте болып келе жатқан елдерде бей­бітшілік пен келісім орнатуға дәне­кер болуды Сізге Алла тағала өзі нә­сіп етсін, құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы!” деген тілек айтады өз хатында Оңтүстік Қазақстан облы­сының құрметті азаматы, зейнеткер Боранбек Шүкірбеков. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мен Елбасының Жол­дауы аға буынмен қатар жас­тар­дың да жігеріне жігер қосқанын Оң­түстік Қа­зақстан облысы, Төле би ауданынан хат жібер­ген “Шам­шырақ” шығармашыл жастар ұйы­мының төрағасы Әлішер Усманов пен Сарыағаш ауданынан хат жол­даған азаматша Замира Байы­рова­ның лебіздерінен айқын аңғаруға болады. Жастар жарқын істердің жү­ректеріне жылу ұя­латып, көңіл­деріне серпіліс бергендерін ағынан ақ­тарыла жеткізіп, Елбасыға алғыс­тарын арнайды. БАТЫР МЕН ӘКІМ КЕЗДЕСТІ Отан үшін от кешкен сұра­пыл соғыстағы Жеңістің 65 жыл­дығы қар­саңында аға ұрпақтың ерлік іс­те­рі тағы да ойға ора­ла­ды. Олар­дың жалындаған жас­тығы қиын кезеңде өтсе, бүгінгі тәуелсіз мем­лекетімізде алаңсыз дем­алуына барлық жағдай жа­салған. Қазіргі кезде облыстағы соғыс және еңбек ардагер­лері­нің өмірі міне, осындай. Ағым­дағы жылғы мерейлі ме­рекеге бай­ланысты майдан­гер­лерге ем­деу-сауықтыру ор­ын­­дарына, ком­му­налдық қыз­ме­ттерге, тіс протез­де­рін салуға, тағы басқа шара­лар­ға бюджет­тен қомақты қаржы бөлінген. Жетісу өңіріндегі Кеңес Ода­ғының Батыры Иван Васи­лье­вич Косенков 1941-1945 жыл­дардағы от кешуден өт­кен­дердің бірі. Ол сұрапыл со­ғысты 1942 жылы Новомос­ковск іргесінен бастай­ды. Ар­тил­лерист еді. 1943 жылғы Днепр бойындағы шайқас есінде мәңгі қалды. Ондағы 6 күн мен түн бойы жаумен бол­ған шай­қас­та Иван Васильевич қаруласы Михаил Голяков екеуі 3 танкті істен шығарып, снаряд тиелген автомашина мен бро­не­транс­пор­тер­ді жарып, ерліктің тамаша үлгісін танытты. Ұлы Отан соғысының 1418 күн мен түнінің 1300-і жауын­гер Иван Косенковтың тағдыр тә­лейі­не жазылған. Осы уақыт ішін­де ол мың өліп, мың тірілді десе де болады. Сондағы ерлік­тері ІІ дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл жұлдыз” ордендерімен аталып өтіліп, 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атанады. Соңғы шайқаста жерлесіміз ауыр жараланып еді. Соған байланыс­ты ол өзі туып өскен Семей қаласына оралды. Ұлы Жеңістен кейінгі халық шаруашылығын қалпына келті­ру жылдарында атпал азамат те­мір жол жағалауына ағаш кө­шет­терін отырғызып, көгалдан­дыруды қолға алды. Сөйтіп, мұнда да ол артына өшпестей із қалдырып, белсенділігімен та­ныл­ды. Бейбіт өмірдегі еңбегі­нің дәлеліндей өңірінде “Құр­мет­ті теміржолшы” белгісі жар­қырай­ды. “Қаратал ауданының құр­метті азаматы” ол әлі күнге дейін мектеп оқу­шылары мен жас­тар арасында жиі бо­лып, аға ұр­пақтың ер­лігі мен ең­бек­қорлық қа­сиет­тері жайлы әң­гі­мелеуден еш жалық­қан емес. Жыл емес, ай са­нап қатары сире­ген соғыс ардагер­ле­ріне деген қам­қор­лықтың аясын кеңейткен об­лыс әкімі Серік Үм­бе­­тов таяуда батыр жер­лесімізге барып сәлем берді. Иван Васи­лье­вич тұратын Қаратал ауда­ны­ның Үштөбе қаласынан үш бөлмелі пәтер беріп, тағы басқа да тұр­мыстық жағдайының жақ­саруына назар аударды. – Елбасына шын көңілден алғыс айтамын. Біз соғыста қай­рат көрсетсек, Нұрсұлтан На­зарбаев халқымызды қиын­дық­тан алып шығып, экономи­ка­мызды, әлеуметтік жағдайы­мызды көтеруге күш салып ке­ле­ді. Соғыс ардагерлеріне жа­саған жақсылықтары қаншама, – деп ағынан жарылды май­дангер. Ардагермен әңгімесінің со­ңында облыс басшысы қарт жауынгерге зор денсаулық тіледі. Әкім Ұлы Жеңіс мере­кесіне дейін мұндай кезде­сулердің әлі жалғасатынын да еске салды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. БАУКЕҢ ЕСІМІ Мәскеу қаласындағы №229 мектепке берілді Жуырда ғана Мәскеудегі Қазақстан елшілігі үйінде қазақтың қайсар ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыр­жан Момышұлы туралы орыс тілінде жа­рық көрген “Аңызға айналған ба­тыр” атты жинақтың тұсауке­сер рәсімі өткені жайында қуана хабарлаған едік. Енді,міне, осы құс қуаныш, қос қуа­нышқа айналып отыр. Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі қарсаңында Бау­кеңе Мәскеудегі №229 жалпы білім беретін орта мектептің аты беріліп отыр. Бұл қуанышты хабар еліміздің Ресейдегі Төтен­ше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу қа­ла­сы мэрінің бірінші орынбасары Люд­мила Шведцованың Жеңіс­тің 65 жыл­дық мерекесін тойлау жөніндегі кез­десулерінде ай­тылды. Батырдың туға­нына 100 жыл толу қарсаңында оған Мәскеу қаласындағы аталған мек­тептің берілуі де кездейсоқ емес. Крю­ково стансасында орналасқан бұл мек­теп Зеленоградтың орталы­ғын­да тұр. 1941 жылғы қара­ша­дағы Мәскеу үшін айқастың соңғы шебі осында болған. 8-ші гвардиялық дивизияның Б.Мо­мыш­ұлы басқарған жауынгерлері жау­ды осы жерде Мәскеуге өткізбей кері қайтарған. Қазір мектепте ба­тыр-пан­филовшыларға арналған музей бар. Онда Б.Момышұлына қа­тысты стенд жасалған. Сондай-ақ, мұндағы шай­қас болған тарихи орындарда Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кез­де­сулер өткізу де назардан тыс қалды­рыл­майды, деп хабарлады Қазақстан­ның РФ-дағы елші­лігінің баспасөз қызметі. БІР КҮНДЕ – 1800 ӨТІНІШ “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов республика бойынша 10 ақпан күні өткен “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” акция­сының қорытындысына байланыс­ты брифинг өткізді. Акцияның мақ­саты – мемлекеттік органдар­дың назарын азаматтардың пробле­малық мәселелеріне аударуға және оларды шешуге бағыттау. Жұмажан Жүкеновтің хабардар етуінше, аймақтық деңгейдегі акцияға денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі облыс әкім­дерінің орынбасарлары, қала әкім­дері, барлық деңгейдегі де­путаттар және құқық қорғау ор­гандары басшыларының өкіл­дері қатысты. Акция барысында ай­мақтардан жедел келген 1 800 өті­ніш қабыл­да­нып, 250 өтініш оң шешімін тапты. Сонымен қатар, 600 өтініш өз құзіреті аясында қа­рау үшін мем­лекеттік және құқық қорғау ор­гандарына жіберілді, 950 өтінішке тиісті түсіндірулер берілді. Ал партияның Астана қала­сын­да­ғы Орталық аппаратындағы қо­ғамдық қабылдау бөлмесіндегі қа­былдауда 87 адам болды, 16 адам­ның өтініші оң шешілді, 51 өтініш қарау үшін қабылданып, олар партияның бақылауына алынды. Сондай-ақ 20 адамға өтініштері бой­ынша тиісті түсін­дірулер бе­ріл­ді. Оң шешімін тапқан мәселелерге келсек, Қоғамдық қабылдау бөл­ме­сіне Зинаида Тимофеева өтінішпен келіп, саяжайын бұзғаны үшін тиісті өтемақысын 5 жылдан бері ала алмай жүргенін айтқан. Қа­былдау нәтижесінде мәселе оң ше­шімін тапты. Бүгіннен бастап оған тиісті өтемақы төленетін болды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы­ның ардагері Мұсағали Қабылдин пәтер алу жөнінде өтінішпен кел­ген. Нәтижесінде соғыс ардагерінің мәселесі 15 ақпанда болатын қала­лық комиссияда қаралатын болды, ол комиссия отырысына шақы­рыл­ды. Ал Өзбекстаннан келген орал­ман М.Шіленбетов квота және асыраушысынан айырылғаны бой­ын­ша жәрдемақы алуға көмек көр­сетуді сұраған. Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министр­лігінің өкілдері оның мәселесін оң шешіп берді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІЛУДЕ Кеше Қазақстан кәсіподақтары активінің селекторлық мәжілісі өтті. Онда Кәсіподақтар федера­ция­­сының төрағасы Сиязбек Мұ­қа­шев баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылы Федерация және оның мүшелік ұйымдары кәсіподақтардың алдында тұрған міндеттерді, еңбек қатынастары мен әлеуметтік серіктестік мәсе­лелерін табысты шешкен. Мәжіліс кезінде бірқатар ма­ңызды мәселелер жан-жақты ай­тыл­ды. Қаржы-экономикалық дағ­дарыс елімізде әлеуметтік кепіл­діктерді орындауға тосқауыл қоя ал­мады: 2009 жылы және 2010 жыл­дың басынан бастап өмір сү­­рудің ең тө­менгі деңгейі, мемле­кеттік әлеумет­тік жәрдем, кәсіп­орындардағы және бюджеттік са­лалардағы зейнетақы мен жалақы мөлшері өсті. Жұмыс­сыздықтың 6,3 пайызға дейін азаю үдерісі бай­қалды. Себебі, 400 мың­нан артық жұмыс орындары ашыл­ған. Кәсіп­одақтар федерациясының төр­ағасы С. Мүқашев өз сөзінде мұндай көзге көрінетін табыстарда кәсіп­одақтың оң үлесі бар екендігін, биылғы жылғы басты міндет – ол есеп беру-сайлау съездері және са­лалық кәсіподақтар мен аймақтық кәсіподақ бірлестіктерінің конфе­­рен­цияларын, Кәсіподақтар феде­рациясының кезекті XXІІ съезін өткізу болып табылатынын айтты. Мәжілісте сондай-ақ, Федера­цияның мүшелік ұйымдарының басымдықтары ретінде салалық және өңірлік келісімдер жасау, “Ұжымдық шартты жасаңдар!” атты ұлттық акцияларға қатысу, жалақы бойынша қарыздарды қайтару үшін одан әрі күрес жүргізу, жалақыны көтеру секілді жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Бұл күнгі селекторлық жиналысқа қатысу­шы­лар жергілікті жерлердегі кәсіп­одақтардың жұмысы туралы да кеңінен ақпарат берді. Жиын соңында Мемлекет бас­шы­сы Н.Назарбаевтың биылғы “Жа­ңа онжылдық – жаңа эко­номи­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жол­дауына бай­ланысты арнайы қарар қабылданды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.