• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Маусым, 2018

Халықаралық Shymkent Challenger турнирі басталды

337 рет
көрсетілді

Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық «Shymkent Challenger» турнирі басталды.

Бұл Президент кубогы жарысынан кейінгі екінші мәртебелі жарыс болып саналады. "Теннисті еліміздің әр аймағында дамыту мақсатында бұл жарысты әдейі Шымкентте өткізіп отырмыз. Турнирді ұйымдастыру үшін АТР тексерісінен де өттік. Өткен жылы бұл жарысқа қатысқан рейтингісі ең төмен теннисші 677-орында болса, биыл ең соңғы қатысушымыз рейтингте 254-орында тұр", деді ҚТФ вице-президенті Диас Досқараев. 

Теннис турниріне 20 мемлекеттен келген 100-ге жуық үмітер келді. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының мүшелері Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Роман Хасанов және Денис Евсеевтер де бар. 

Айта кетейік, жарыстың финалдық ойындары 8 (жұп) және 9 маусым (жекелей сын) күндері өтеді.