• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2011

Ұлт руханиятына қосылған олжа

441 рет
көрсетілді

Төрткүл дүниеге Қазақ елін та­ны­тып, қа­дірін арттырып, мемле­ке­ті­нің мерейін өсіріп, діттеген жерінен көрінуге жол аш­қан елдігіміздің 20 жыл­дығына арналған «Тәуелсіздік тол­ғауы» атты екінші респуб­ли­ка­лық конкурстың қо­ры­тындысы шы­ғып, жеңімпаздары анықталды. Жүз­ден жүйрік шыққандарды марапаттау рәсімі өткен аптаның соңына қарай елордадағы Кү­ләш Байсейітов атын­дағы Ұлттық опера және балет теат­рында болды. Ұлт руханиятына олжа болып қосылған шығар­ма авторларын марапаттау рәсіміне елі­міздің көр­некті мәдениет және өнер қай­раткерлері қатысты. Конкурстың басты мақ­сатына тоқтала кетер бол­сақ, Отанымыздың опералық, драмалық театрлары мен концерттік ұйымдарының репертуарларын Тәу­елсіз мемлекетіміздің жетістіктерін бейнелейтін шығармалармен толықтыру, композиторлар мен драматургтерге қолдау көрсету, бұған қоса, оларды көркем шығармалар жазуға ын­таландыру, талант­тардың еңбектерін көпші­лікке таныту, орындау­шы­лардың шығарма­шы­лық мүмкіндіктерін кеңейту және шеберліктерін арттыру. Алғашқы сөзді Мәдениет вице-министрі Ғ.Телебаев алып, осыдан екі жыл бұрын өткен конкурс­тың жалғасы болып саналатын бұл шара аты айтып тұрғандай биыл Тәуел­сіздік тақырыбына бағыттал­ғанын, жүлдегер­лердің дипломдар мен ақшалай сыйақымен марапатталатынын, озық туын­дылар­дың елі­міздің жетекші театрларында қойылу мүм­кіндігі бар екенін алға тартты. Сөйтіп, «Ең үздік заманауи тақырыптағы ән» номин­а­циясы бойынша бірінші орынды композитор Серікжан Әбдінұров пен ақын Сейфолла Оспанның «Құт мекен» деген әні жеңіп алса, екінші орынға «Дүние» туындысы үшін Бейбіт Бірімғазы (композитор) Айтмұхамбет Қосжанов ие болды. Ал «Хорға арналған ең үздік шығарма» но­ми­нациясы бойынша бірінші орынды «Отаным ме­нің Қазақстан» туындысы үшін Роберт Айдос (композитор), Құмарбек Сыдық алса, екінші орынды Жам­был Жабаевтың сөзіне жазылған композитор Жо­ламан Тұрсынбаев «Бірлігің болсын, ағай­ын!» атты еңбегі үшін иеленді. Сондай-ақ «Ең үздік опе­ра­лық шығарма» номина­циясы бойынша қазақ өне­рі­нің айтулы азаматы, жезтаңдай әнші Бекболат Тілеухан арқалы ақын, марқұм Ерік Асқаровтың сө­зі­не жазған «Айналайын, Азатым» туындысы үшін бас жүлдені қанжығасына байласа, «ең үздік дра­ма­лық шығарма» номинациясы бойынша бас жүлдені «Ардагер» пьесасы үшін көрнекті жазушы Төлен Әб­дік­ұлы алды. Бірінші орын «Шәкәрім» атты ту­ын­дысы үшін белгілі режиссер Әубәкір Рахимовқа тиді. Жүлдегер шығармалардан орындалған үзін­ді­лер мен көріністер кеш ажарын аша түсті. Сондай-ақ Тал­ғат Күзембаев, Болат Жомартов, Ерлан Біләл, Мар­жан Арапбаева және К.Байсейітова атындағы Ұлт­­­­­тық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры, М.Әуезов атындағы Қазақ дра­ма театры, Қазақ ұлттық өнер универси­те­тінің «Илигай» балалар хоры көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Әсем ән, әдемі көріністермен зал толы жұрттың мерейін өсірген кеште белгілі театр сыншысы Әшір­бек Сығай, атақты өнер жұл­дыздары Анатолий Молодов, Бекболат Тілеухан, Қазақстанның ха­лық әртісі Гүлжан Әс­пе­товалар ұлттық руха­ния­ты­мызға қосылған қомақты дүниелер туралы жан-жақты әңгіме қозғап, осының бәріне Тәуелсіздіктің арқа­сында қолымыз жетіп отырғанына нақты мы­­салдар келтірді. Сүлеймен МӘМЕТ.