• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2011

Үздіктерді марапаттады

253 рет
көрсетілді

«Бас редакторлар клубы» Қазақстанның 2011 жылғы ең үздік редак­торлары мен журналистерін және шетел тілшілерін марапаттады. «Central Asiа Monitor» газе­ті­нің бас ре­дакторы Бигелді Ғаб­дул­лин республикалық БАҚ ара­сында, «Отырар» теледидарының (Оңтүстік Қазақстан облысы) бас редакторы Зәуре Оралбаева ай­мақ­тық БАҚ арасындағы ең үздік редактор атанды. Ал «Время» га­зетінің тілшісі Геннадий Бендицкий рес­публикалық БАҚ ара­сын­да ең үздік журналист атағына ие болса, Батыс Қазақстанның «Қа­­зақ­стан» телеарнасы филиалы­­­­ның тілшісі Данияр Рамазанов (Орал қаласы) аймақтық БАҚ арасында ең үздік журналист атанды. Сонымен қатар, «Бас редакторлар клу­­­бы» биыл алғаш рет «Еу­­разияның алтын қаламы» атты жүл­де тағайындаған болатын. Аталмыш жүлдеге Ресей, Беларусь және Қырғызстанның журналистері ие болды. Олар «Независимая газета» (Мәскеу қала­сы) ба­­сы­лымының шолушысы Вик­тория Панфилова, «Народная газета» (Минск қаласы) ба­сы­лы­мының бас редакторы Владимир Андри­е­вич және Қырғызстан «Азат­тық радиосы» редакция­сы­ның тілшісі Жанарбек Акаев. Марапаттау рәсімі Астанада өтті. Берік САДЫР.