• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында медиация кабинеті ашылды

535 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында  медиация кабинеті құрылып, азаматтар дау-дамайды бейбіт жолмен реттеуге, екіжақты бітімгершілікке келуіне мүмкіндік алды.

«Тың жобада сотқа шағымданушы адамдардың психологиядық жағдайы жан-жақты ескеріліп, кабинет іші ашық түсті, келісім үстелі дөңгелек етіп жасалған. Ендігі  іс апелляциялық сатыда қаралмастан бұрын судья тараптарды татуластыруға тырысады. Бұл үрдістер  бірінші сатыдағы соттарда 5 күн, апеляциялық соттарда  10 күн ішінде қаралатын болады»,дейді облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов.

Судья, медиатор Сәкен Тілегенов өзіне зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін, дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Оны жүргізу қағидаттары еріктілік, өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығына негізделеді. Сот өндірісінен айырмашылығы  «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Дауласушы екі жақ татуластырушы немесе медиаторды өздері таңдауға толық құқылы. Осы себепті барлық деңгейдегі  соттарда  кезекші медиаторлар жұмыс істейді.

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда да қолданыла алады.

Бүгінгі таңда облыстық сотта медиацияның көмегімен 14 даулы іс шешімін тапқан.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».