Қаржы министрлігінде «Өз еркімен тарату, салық төлеушілердің банкроттық процедураларын жүргізудің жеңілдетілген тәртібін енгізу, әкімшілік өндірісті оңайлату мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуда Қазақстан салық төлеушілерінің қауымдастығы мен Қаржы министрлігі Салық комитетінің өкілдері баяндама жасады.
Отырыста әкімшілік іс жүргізу мәселелері (тұлға әкімшілік құқық бұзушылық фактілерімен және айыппұл төлеумен келіскен жағдайда, әкімшілік материалдарды жою, «ескерту» секілді шараларды енгізу, субъектіден «лауазымды адамдардан» және басқалардан әкімшілік жауапкершілікті алып тастау) талқыланды.
Дөңгелек үстелде салық төлеушілердің өз еркімен тарату тәртібін оңайлату және банкроттықтың жеңілдетілген тәртіптерін енгізу мәселелері қаралды. Әкімшілік өндірісті оңайлату, салық төлеушілерді өз еркімен тарату рәсімдерін жеңілдету, банкроттықтың жеңілдетілген тәртібін енгізу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жуық арада тиісті заң жобаларынан көрініс таппақ.
«Егемен-ақпарат».