• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2018

Бақытжан Сағынтаев Швейцария елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді

328 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмидпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Швейцариямен энергетика, фармацевтика, білім беру, көлік және қаржы салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Швейцарияның елеулі транзиттік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Швейцария Қазақстанмен сауда айналымының көлемі бойынша Еуропа елдері арасында 4-орында (Италия, Нидерланды және Франция елдерінен кейін). 

Соңғы жаңалықтар