• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2018

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы саммит екеуара өтеді

420 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасындағы саммит 12 маусым күні тек аудармашылардың қатысуымен екеуара жеке өтпек, деп хабарлайды Ақ Үй.

Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуі таңғы сағат тоғызға белгіленген (Астана уақыты бойынша 07.00).

«Ресми амандасудан соң қос басшы көзбе-көз сөйлесетін болады. Кездесуге тек аудармашылар ғана қатысады. Бұдан соң отырыс кеңейтілген құрам кездесуі мен іскерлік асқа жалғасады», делінген хабарламада.

Кеңейтілген құрам келіссөздеріне АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, преизденттің ұлттық кеңесшісі Джон Болтон, Ақ Үйдің аппарат жетекшісі Джон Келли қатысады.

Трамптың АҚШ-қа оралуы 12 маусым кешкі уақытқа жоспарланып отыр.

АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары осыған дейін кездесіп көрмеген, тіпті  телефонмен де сөйлеспеген. Кездесуде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы басты тақырып болмақ. Вашингтон Пхеньянның ядролық қарудан толық бас тартқанын талап етеді. Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен байланысты дұрыстаудан үмітті екенін мәлімдеп, Корей түбегі ядролық қарудан толық арылған жағдайда Пхеньянмен бейбіт келісімге қол қоюы мүмкін екенін білдірген.