• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Маусым, 2018

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесті

325 рет
көрсетілді

Сингапурде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы тарихи кездесу басталды. Саммит КХДР-дің ядролық қаруы тақырыбында өтеді.

Тарихи кездесу Сентоза аралындағы Capella қонақ үйіне ұйымдастырылып отыр.

Ақ үй қос ресми кездесудің алдында екі  елдің басшылары жеке бөлмеде кездесетінін растады. Олармен тек аудармашылар ғана болмақ.

Солтүстік Корея соңғы жылдары ядролық қаруларын сынақтан өткізуіне байланысты түрлі халықаралық санкцияларға ұшырап келеді. Келіссөздер дәл осы КХДР-дің қауіпті қаруы жөнінде өрбиді. Өз кезегінде АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық қаруларын үшінші тарапқа өткізуді қалайтыны аян. Ал Пхенян жағы мұндай қадамға баруы үшін нені талап ететіні әзірге белгісіз. ЦТАК ақпарат агенттігінің хабарлауынша «жаңа заман талаптарына сай АҚШ пен КХДР арасында жаңа қарым-қатынас орнату» жайы жоспарланып отыр.