• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2011

Сыйлықтар жауған салтанатты сәт

297 рет
көрсетілді

Биыл облыстың ауыл­ша­руа­шылық еңбеккерлері та­быс­ты жұмыс істеді. 731,0 мың гектарға ауылшаруа­шы­лық дақылдары егілді. Өңір диқандары әр гектардан орташа 7,9 центнер өнім алып, 453,3 мың тонна астық жи­на­ды. Сондай-ақ, 95,7 мың тонна картоп, 76,6 мың тонна көк­өніс және 10,7 мың тонна бақ­ша өнімдері өндірілді. Мал саны өсіп, оның өнімдерін өндіру алдыңғы жылдарға қа­рағанда анағұрлым артты. Об­лыста осы табыстарды дамыту арқылы 2016 жылы 16,0 мың тонна етті экспортқа шығару бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағдарламасы аясында азық-түлік белдеуін одан әрі дамы­ту мақсатында 2011 жылы индустрияландыру картасына жалпы құны 2,5 миллиард теңге болатын сегіз жоба енгізілді. Бұл жобалар іске қосылғанда қосымша 3,5 мың тонна сүт, 360 мың тонна құс етін өндіруге, экологиялық таза қой етін  өндіруді 375 тоннаға арттыруға мүмкіндік туады. Өнім көлемінің индексі үс­ті­міздегі жылғы он айда 100,5 пай­ызды құрады. Облыстың бір тұрғынына шаққандағы ең­бек өнімділігі 16 пайызға өсіп, 123 мың теңге болды. Биыл ұйым­дас­тырылған  256 ауыл­шаруа­шы­лық жәрмеңкесінде 409,0 миллион теңгенің өнім­дері өткі­зіл­ді. Олардағы баға коммер­ция­лық базарларға қа­рағанда 15-30 пайызға арзан болды. Тахауи Ахтанов атындағы об­лыстық драма театрында өт­кен ауыл шаруашылығы қызмет­керлерінің кәсіби мерекесіне  жиналғандар алдында облыстық ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ның бастығы Мұхтар Жұ­мағазиев осындай табыс­тар­ды баяндай келіп, алда ат­қа­рылар істер мен өзекті мә­се­лелерге тоқталды.  Облыс әкі­мі Архимед Мұхамбетов   сал­танатқа жиналғандарды кә­сіби мерекелерімен құттық­тап, бо­лашақта  ауыл ша­руа­шылығы саласын дамытудың басым бағыттарын кеңінен әң­гімеледі. Өңір басшысы бір топ ауыл шаруашылығы озат­тарына «Қазақстан Респуб­ли­касының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарын, Ауыл шаруашылығы минис­трі­нің құрмет грамоталары  мен алғыс хаттарын, облыс әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын тап­сыр­ды. Салтанатты шарада өңір­дің ауыл шаруашылығы са­ла­сында ұзақ жылдар жұмыс істеген еңбек ардагерлері де бағалы сыйлықтармен мара­пат­талды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.