• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2018

Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету жобасы таныстырылды

380 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық жобасын таныстыру және іске қосу ресми салтанаты өтті.

Жобаға Таң ауылындағы «Манақ Баба» фермасы таңдалды. Жоба аясында күн радиациясы мен жел қозғалысын электр энергиясына айналдыратын күн және жел электр стансасынан тұратын гибридтік қондырғы орнатылды. Алынған энергия тұрмыс пен шаруа қожалығының қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Одан бөлек, арнайы сорғы шаруа қожалығы аумағындағы скважинадан суды сорып алады және тәуліктік реттеу бассейніне жинайды.

«Жасыл» технологияларды қолдана отырып, Арал өңірінде мұндай шағын ауыл шаруашылығы бизнесін дамыту су және энергия қажеттілігіне байланысты әлеуетті экономиканың шығынын 29 миллион теңгеге қысқартады. Қаржы үнемінен тыс, жобаның арқасында СО2 қалдығы жылына 300 тоннаға дейін қысқарады. Жалпы, жоба Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы 37 мың тұрғынды жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиынға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі/ БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Қазақстандағы ЕО өкілдігінің уақытша сенімді уәкілі Золтан Салаи мен Қазақстандағы Германия істері жөніндегі уақытша сенімді уәкілі Йонатан Вайнберг қатысты.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»