• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Маусым, 2018

Астанада жыл басынан бері 270-тен астам мүгедек жұмыспен қамтылды

211 рет
көрсетілді

Жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру мақсатында елордада жүйелі түрде бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Жыл басынан 7 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Олардың біреуі бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан азаматтарға, пробация қызметтерінің есебінде тұрған азаматтарға арналды. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Реабилитациялық технологиялар мен тұжырымдар» қоғамдық қоры жыл сайын «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету» жобасын іске асырады. 

Сондай-ақ, осы жылдың басынан бүгінге дейін тұрақты жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бойынша ұсынылатын жұмыс орындарына мүмкіндігі шектеулі 273 адам орналастырылды. Кәсіби курстарға – 11 жіберілді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 40 адам қамтылды. Олардың 25-сі – бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтар, 15-сі – пробация қызметтерінің есебінде тұрғандар. 27 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 7 адам жалақысы бар қоғамдық жұмыстарға тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 2, жастар тәжірибесіне – 1 және кәсіби курстарға 3 адам жіберілді.