• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2018

Атырау облысының Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

490 рет
көрсетілді

Бүгін, 12  маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев  аудандық мәслихат депутаттарына өз еркімен лауазымын босатқан Сырым Рысқалиевтің орнына аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды.

Облыс әкімі Рысқалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып,  жаңа қызметінде табыс тіледі. 

Аймақ басшысы депутаттарға ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген  жаңа аудан әкімінің кандидатурасын таныстырды. Ол - Жәрдемғали Ахметов.

Депутаттар Ахметовтің кандидатурасын қолдады.

Жәрдемғали Ахметов - 1984 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбек өтілі бар.

1976-1978 жылдары Кеңес Әскері қатарында міндетін өтеген. 1984 -2012 жылдары  Жылыой ауданында қатардағы экономистен бастап аудан әкімінің орынбасарына дейінгі лауазымда мемлекеттік қызмет атқарған. 2012 жылы Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013 жылдың мамыр айында Атырау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына басшы болды.  2013 жылдан бүгінге дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.