• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2018

Президент сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

413 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2018 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөнінде Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Комиссия мүше­лері – республикалық бұқара­лық ақпарат құралдары­­ның, шығармашылық одақ­­тар­­­дың, журналистердің қоғам­­­дық бірлестіктері мен мүдделі мем­лекеттік органдарының өкіл­дері қатысты.

Мемлекеттік хатшы жиында сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақ­стан мемлекеттілігін нығай­тудағы маңызды рөліне тоқта­лып, БАҚ өкілдерін келе жат­қан кәсіби мерекелері – Бай­ланыс және ақпарат қызмет­керлері күнімен құттықтады. 

«Бұл марапат осымен 22-ші рет беріліп отыр. БАҚ Мем­лекет басшысының бастамаларын халыққа жеткізу, мем­лекеттік саясатты түсіндіру, қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту ісінде маңызды рөл ат­қарады. Осындай мәртебелі де жауапты миссияны ла­йық­ты атқару үшін баспасөз бәсе­кеге қабілетті болуы шарт. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық журналистиканы дамыту мәсе­лесіне зор мән береді. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүр­гізілуде. Президенттің жур­­на­листерге арналған грант­тары мен сыйлықтары осын­дай қолдаудың айқын көрі­нісі», деді Мемлекеттік хатшы. 

Г.Әбдіқалықова мемлекет­тің бұқаралық ақпарат құрал­дарының рөліне терең мән беріп, әрдайым қолдау көр­сетіп отыратынын жеткізді. Сондай-ақ кәсіби деңгейі мен ше­берлігін ұдайы жетіл­ді­ріп отыратын талантты жур­налистердің шығармашылық бас­тамалары мен ынта-жігерін қолдаудың қажеттігін атап өтті. 

«Елімізде және шетелде болып жатқан маңызды оқи­­ғалар Қазақстандағы ре­фор­малардың бағыты мен мем­лекеттік саясатты дұрыс жеткізу ісіндегі отандық БАҚ-қа деген жоғары сұраныстың және оның ерекше рөлін айқындайды. Жалпыға ортақ ақпараттандыру ғасырында дәл әрі нақты ақпарат негізгі құндылық болып табылады», деді Г.Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік хатшы елі­міздің медиа-қоғамдасты­ғы өзінің «төртінші билік» ретіндегі жоғары мәртебесін растай отырып, қазақстан­дық патриотизмді нығайтуға, қоғамдық келісім мен этнос­ара­лық татулық құндылықтарын бекемдей түсуге, мемлекет пен қоғамның өзекті пробле­ма­ларына жедел үн қатуға сеп­тігін тигізетінін айтты.

Биыл Қоғамдық комис­сиян­ың қарауына 61 ұсыным берілді, соның ішінде 47-сі жур­налистерге, 14-і шығар­машылық ұжымдарға қатыс­ты. Бұл ретте 25 ұсыным бас­пасөз басылымдарынан, 36 ұсы­ным электронды БАҚ-тан, телекомпаниялардан, телеарналардан келіп түсті.

Қоғамдық комиссия оты­­ры­­сында журналистер материал­­дарының деңгейі жоға­ры екен­дігі, сондай-ақ басп­асөз қоғам­дастығының Қазақ­стан дамуы­ның маңызды қоғам­дық-саяси және әлеу­меттік-эко­но­микалық мәселе­лерін жария­лап, көрсетудегі үлесі атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша, БАҚ саласындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне 2 сыйлық беру, 2 грант тапсыру және 4 шығармашылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс жасау туралы бірауыздан қаулы қабылдады. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»