• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Өнер 14 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстан би ансамблі халықаралық фестивальда үш Гран-При жеңіп алды

378 рет
көрсетілді

Биыл "Арабеск" би ансамблі шығармашылық ұжымының құрылғанына 15 жыл толып отыр.

 

 

Осы кезең ішінде көптеген халықаралық, аймақаралық байқауларда жеңімпаздар, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жуырда  Алматы қаласында өткен "Күншуақ" халықаралық фестивалінде тағы топ жарды. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресей, Қырғызстан ,Өзбекстан елдерінен келген 500-ге жуық өнерпаз қатысқанына қарамастан араларынан суырылып шығып, ең үздік атанды. Кіші, орта және ересек құрам арасында үш  Гран- При және қос-қостан бірінші, екінші орындарды иеленді.

''Күншуақ" халықаралық байқауына жарты жылдай тыңғылықты дайындалдық. Соның нәтижесінде мың бұралған бишілеріміздің барлығы да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Олардың көпшілігі  бимен 5-6 жылдан бері  айналысады. Эстарадалық үлгідегі билеріміз үздік  әрі ерекше деп танылды», дейді қуанышын жасырмаған «Арабеск» би ансамблінің жетекшісі Татьяна Кравченко.

Ән және би бағыттары бойынша ұйымдастырылған байқауға  ұжымның әр тобы 4 туындыдан дайындап апарған.

Бүгінде"Арабеск" би ансамбілінің құрамында 100-ден астам биші бар. Топтарда 3-тен 15 жасқа дейінгі қыздар өнер көрсетеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»