• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әдебиет 15 Маусым, 2018

Қуандық Шаңғытбаев. Дариға-ай, көктем...

1405 рет
көрсетілді

Дариға-ай, көктем қыз еді, Дәурені кетіп, болды күз: От-бұйра шашын күзеді, Сартора салды, солды қыз.

Ойнап та күліп көктеммен, Жүрдім ғой албырт шағымда, Өрелі таңын өткергем Жанында, жасыл бағында.

Жыр еді-ау толы жан-жағым, Жырау ем қаннен қаперсіз, Ойламай өмір аржағын, Шайқадым, төктім қатерсіз.

Гүл еді-ау менің жан-жарым, Қыз еді-ау нәзік еліктен. Жұпарын шашып жан-жағым, Еліткем, жырды шеріткем.

Баянсыз деген сөз мәнін  Баяғы кезде сезбеппін. Қызық пен қыздың тозбағын Түсінбей, бейғам ержеттім.

Дариға-ай, көктем қыз еді, Дәурені кетіп, болды күз: От-бұйра шашын күзеді, Сартора салды, солды қыз.

Қуандық Шаңғытбаев