• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2018

Қабанбай батыр мемо­риалдық кешенінде республикалық тари­хи-экологиялық акция өтті

489 рет
көрсетілді

Кеше елорда іргесіндегі Қабанбай батыр мемо­риалдық кешенінде Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы басшылары және оның жастар қанаты «Жаңғыру жолы» республикалық қозғалыс мүшелерінің ат салысуымен «Ұлы Дала елінің киелі мұралары» атты республикалық тари­хи-экологиялық акция өтті.

Шараға елордадағы жоға­ры және орта оқу орын студент­тері­мен қатар, қаланың құқық қорғау саласы қызметкерлері, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы құрамын­да­ғы этномәдени бірлестік өкіл­дерінен құ­ралған 70-тен астам адам қатысып, кешеннің айналасын қоқыстан тазартып, осында жамбасы­ жерге тиген Ә.Кекілбеав, Ф.Оңғар­сынова қатарлы тағы басқа қайраткер тұлғалардың мәң­гілік мекенін гүлмен көмкерді. 

Бұл реткі акция жоғарыда­ғы­ жастар қанатының ұйым­дас­­­ты­руымен өтіп отырған үшін­­­ші шара екен. Бұған дейін олар мамыр айында өткен Ұлы Жеңіс мерекесі кезінде қаладағы тыл және соғыс ардагерлеріне қамқорлық көрсетсе, одан кейін 31 мамыр – саяси қуған-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тағзым» атты танымдық тақырып аясында жастардың басын қосып, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар тарихына қатысты біршама жақсы істер атқарыпты. 

Акцияға қатысушыларды құт­тықтай келген Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары-Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, мұн­дағы мақсат – киелі мұра ескерт­кіштерді сақтау және дәріптеу, қоғамдық мәні бар әлеуметтік жобаларды іске асыруға жастардың қатысуын қамтамасыз ету, сонымен бірге жалпыға ортақ мә­дени және рухани құндылықтар не­гізінде қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту болып та­былады, деді. 

Аталмыш акция бұдан бас­қа еліміздің үш өңірінде бір мез­гілде қатар өтті. Атап айтқанда, респубикалық деңгейде қасиетті нысан қатарына енген Алматы қала­сындағы Тәуелсіздік алаңын­да, келесісі Қарағанды облысын­дағы тарихи ескерткіштер кешені шоғыр­ланған Ұлытау жерінде, үшінші Маң­ғыстау жеріндегі Отпантау тарихи-мәде­ни кешенде ұйымдастырылды. 

Шараға мұрындық болып отыр­­ған Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозға­лысының үйлестірушісі Мәди Ақылбектің пайымынша, бұл акция­ның болашақ үшін бере­рі мол, әсіресе жас буынға отан­сүйгіштік идеясын сіңіруге тап­тырмас құрал. Сондай-ақ шара­ның екінші бір мақсаты – еліміздегі рухани маңызға ие тарихи нысандарды насихаттау арқылы барша қазақстандық жастарды бір мүддеге тоғыстыру дегенге тоқталды. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»