• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 15 Маусым, 2018

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйекте өтеді

659 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрмеуі шешілмей, ортақ бір мәмілеге келе алмай жатқан орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) ұзақ уақыт келіссөзден соң ақыры ымыраға келіп, араға жыл салып екінші рет жекпе-жек өткізуге уағдаласты.

Бұл туралы екі боксшының өзі, промоутерлері және жекпе-жек­­ті ақылы түрде трансляция жа­сайтын HBO телеарнасы рес­­ми түр­де хабарлады. Ресми мә­лім­де­ме жасалған соң шетелдік БАҚ бет­терінде жекпе-жекті ұйым­дас­тырушы тараптардың пікірлері жариялана бастады. 

Жанкүйерлер тағатсыздана күт­кен Головкин-Альварес ара­сын­­­дағы екінші кездесу осы жыл­дың 15 қыркүйекте өтетін болып бе­кітілді. Мексикалық тарап бұл күнді бекер таңдамаған. Себебі, 16 қыркүйек мексиканың тәу­елсіздігі күні. Ал бұл өз ке­зегінде ақылы көрсетілімді (PPV-тран­с­ляция) көп сатуға мүмкіндік бе­реді. Жекпе-жек алғашқы кезде­су өткен Невада штатының Лас-Вегас қаласында орналасқан T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп белгіленген. 

Айта кетерлігі Головкин мен Альварес арасында екінші кез­десу өткізу туралы келіссөз не­бә­рі бір жарым сағатқа созылған. Бас­тапқыда мексикалық тараптың про­моутері ESPN басылымына бер­ген сұхбатында екінші кездесу өт­пейді деп мәлімдеген-ді. Бірақ бес минуттан кейін қос тарап ке­ліс­сөз өткізу үшін үстел басына отырды. Осыған дейін Де Ла Хойя бокс кешінен түсетін қаржының 57,5 пайызы Сауль Альвареске, ал қал­ған 42,5 пайызы Головкиннің енші­сіне түсетіні туралы ұсыныс жасаған. Бірінші айқаста табыстың 70 пайызын мексикалық боксшы, 30 пайызын отандасымыз алған бо­латын.

Екі боксшының арасындағы айқас алғаш рет өткен жылы 16 қыркүйекте T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған. Бұған дейін рематч 5 мамырға жоспарланған еді, алайда мексикалық боксшының до­пинг сынамасы оң нәтиже бе­руіне байланыс-

ты жекпе-жек өт­пей қалды. Артынша Альварес жар­ты жылға спорттан шеттетілді. Жа­за тамыз айының 17-сі күні аяқ­талады.

Геннадий Головкин 5 мамыр күні амери­ка­лық Ванес Мартиросянмен жұ­ды­рықтасып, екінші раундта но­каутпен жеңді. Осы кездесу үшін қазақстандық боксшы IBF же­лісі бойынша өтетін міндетті кез­десуін кейінге шегерген еді. Ал жақында украиналық Сергей Деревянченкомен міндеттелген айқасын өткізу үшін қағаз түрінде келісім беруден бас тартып, IBF отандасымызды титулынан айырған-ды. Алдағы жекпе-жекте Головкин қазіргі уақытта өзінде бар WBC, WBA (Super) және IBO белдіктерін ортаға салады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»