• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2018

Астана - 20: Жаңа Астанаға жұмыла атсалыстық

433 рет
көрсетілді

Елорданың Алматыдан Ақмолаға көшуі Тұңғыш Прези­денттің тарихи революциялық шешімі болды. Жалпы, ішкі сая­сатта да, сыртқы қарым-қаты­нас­тарда да «ақырын жүріп, анық басуды», «жеті рет өл­шеп, бір рет кесуді» басты ұста­ным еткен Елбасының бұл шешімі – тәуелсіздігіміздің тұғы­ры бекуіне, еліміздің әлеуе­ті кү­шеюіне, халқымыздың өмірін­де үлкен серпіліс, тың бетб­ұрыс болуына тікелей ықпал еткені бүгін сөзсіз дәлелденіп отыр. Бүгінгі күні Астананың кел­бетіне, даму қарқынына қарап Н.Назарбаевтың күні бұрын болжайтын сұңғыла саясаткерлігіне тәнті болып отырмыз.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Президенттің астананы ауыс­тыру туралы шешімі сол кезде көпшілік үшін де, мен өзім басшылық ететін ішкі істер саласының жеке құрамы үшін де мүлде күтпеген, тосын жаңалық болды. Сол тұста бұл идеяны қолдағандар көп болды, сонымен қатар қарсы болғандар қарасы да қалың еді. Барлығы бірден қолдай кетті десек, ақиқаттан алыстаған болар едік.

Иә, ол расымен де эко­номи­калық тұрғыдан қиын кезең болатын. Бірақ Президент бұл мәселеде ерекше табандылық танытып, жаңа астана болатын Ақмолада дайындықты сол кезден бастау қажеттігін, Үкіметті, басқа да жауапты мекеме, ұйымдарды көшіру ісін ұзағанда бір жарым жыл ішінде жүргізу және бітіру керектігін алға қойды. Өйткені Мемлекет басшысы елдің ордасын ауыстырып, алдағы қыруар істі сол жерден бастау жұмысы ырғалып-жырғалып жүруді күтпейтінін, бұл тікелей тәуелсіздікті сақтау мен нығайту мәселесі екенін анық білді.

Бірінші болып көшетіндер арасында міндетті түрде Ішкі істер министрлігі болатынын біз алдын ала шамалап, мен көшуден алты ай бұрын, яғни 1997 жылдың маусым айында-ақ Ақмола қаласына арнайы жедел топ аттандырдым. Олар жеке құрам орналасатын ғимараттарды, орындарды қарастырып, дайындаумен айналысты. Өйткені сол кезде жеке құрам саны 3 мыңға жуықтайтын. Сондықтан біз мұнда жеке құрамға арнап бірнеше үй тұрғыздық. Жеке құрам түгел отбасымен осында келгенде, оларға темір жол вокзалында бірден пәтер кілтін табыс еттік. Алматыда қызмет істеп жүргенде көптеген қызметкердің пәтері жоқ еді, бірақ Ақмолаға келісімен бәрі үйлі болып шыға келді. Жаңа қалада, жаңа өмір бастау, жаңа бастамаларға кірісу ерекше қуантты.

Расы керек, біз Ішкі істер министрлігінің ғимаратын жаңадан тұрғыздық «Алатау» спорт кешенін салдық. Бұл спорт кешеніне байланысты бір тарихи жайды да айта кетейін. Сонау1999 жылдың аяғында, яғни жаңа ғасырды қарсы алу сәтін Нұрсұлтан Әбішұлы осы «Алатау» спорт кешенінде өткізуді ұйғарды. Бұл біз үшін үлкен мәртебе болды. Ішкі істер министрлігі ғимараты мен осы «Алатау» спорт кешенін салу барысында Елбасы оның құрылысына үлкен көңіл бөлді.

Сол кезде қала әкімі болып қызмет істеген Әділбек Жақсыбеков бізге үлкен көмек көрсетті. Ол біздің барлық мәселелерімізді сөзбұйдаға салмай шешіп отырды. Біз өзара түсіністікте жұмыс істедік. Қала әкімдігі Ішкі істер министрлігіне ғана емес, барлық салаларға көмегін аяған жоқ.

Әрине арада айтыс та, дау да болмай қалған жоқ. Әркім өз са­ла­сының жанданғанын, мәсе­ле­­ле­рінің бірінші шешілгенін қа­лай­ты­­ны түсінікті ғой, пікірталастар осы төңіректе болатын. Тұтастай алған­да баршамыз Елбасының күн сай­ынғы, апта сайынғы нұс­қау­ы­мен жаңа елорданы жандандыру ісін ұйымдаса атқардық.

Көшіп келісімен, біз алғашқы күннен бастап-ақ қоғамдық тәртіп мәселесіне айрықша мән бердік. Өйткені көшіп-қону, орналасу, та­ғы басқа жағдайлар барысы тәр­тіп сақтауға, қылмыс ахуалына еш әсер етпеуі тиіс еді. Біздің негіз­гі міндетіміз де сол ғой. Оның үсті­не Кеңес Одағы ыдыраған кез­де, тоқсаныншы жылдары қыл­мыс­тық ахуал қиын болғанын жұрт жақ­сы біледі. Мұндай жағдай тек Қазақ­станда ғана емес, Одақтан бө­лініп шыққан барлық елдерде орын алды. Қылмыс өршіп кетті.

Ұй­ым­дасқан қылмыстық топтар бой көрсетті. Контрабанда, есір­ткі бизнесі де күшейе түс­ті. Ауғанстан, Тәжікстан, Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан және Қазақ­стан­да Еуропаға, Ресейге шығатын тран­с­ұлттық деңгейдегі есірткі та­сы­малдаушылар пайда болды. Бұ­дан соң жұртқа қоқан-лоққы ж­а­сап, күш көрсететін топтар шық­ты. Мұның барлығы елдің эко­но­микалық, әлеуметтік дамуына үл­кен кедергі келтіретін мәселе екені белгілі. Сондықтан біздің алды­мызда осының барлығын қысқа уақыт­тың ішінде реттеу міндеті тұр­ды. Осы орайда, жаңа астана тұр­­ғы­зылып, барлық салалардың жаңа­­ша құрылымдалуы ішкі іс­тер ор­ганының да жұмысы жүйе­ле­нуіне, қарқын алуына үлкен ық­па­лын тигізгенін айта кету ләзім.

Елбасы үлкен көшті бастап, жаңа елордаға келген соң, мұнда ха­лықаралық деңгейдегі кездесулер де жиі өткізіле бастады. Мем­лекет басшысын, шетелдік жо­ғары лауазымды адамдарды салтанатты түрде алып жүру мем­лекеттік автоинспекцияға жүк­те­летін. Ал олардың талапқа сай тә­жірибесі жоқ еді. Соған орай біз мұнда жарты жыл бұрын ар­найы жол-көлік батальонын жібер­дік. Олар жаңа астанада алты ай бойы­на дайындық­тан өтті. Оған қоса алдағы уақытта Үкіметтік меке­мелерді күзететін күзет пол­кін аттандырдық. Өйткені бір­ден Ақорда, Парламент, Үкі­мет Үйін жә­не т.б. маңызды ғима­рат­т­ар­ды кү­зетке алу керек болды. Осы­ған орай ішкі әскер құ­ра­мы да толықтай көшірілді. Осы мін­дет­тердің бәрін қысқа мер­зім ішін­де ойдағыдай жүзеге асыр­дық. Жә­не осындай аса ұй­ым­шыл­­дық­пен жүргізілген жұ­мыс­тар­дың ар­қа­сында құқық қор­ғау ор­ган­да­рын жа­ңа астанаға көшіру ың-шыңсыз жүзеге асырылды.

Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері