Биыл 28 қаңтарда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі брифингі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Республикасы Президенті Анджей Дуда бірқатар келісімдерге қол жеткізген болатын. Сол келісімдерді дамыту мақсатында аталмыш елдің мемлекеттік органдарының басшылары мен іскер топтар өкілдерін қамтитын Польша делегациясы Астанаға ресми сапармен келді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Сапар аясында Экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның отырысы және Қазақстан-Польша бизнес форумы өтті. Сондай-ақ Польша делегациясы Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік тау-кен конгресіне де қатысуда.
Осы іс-шараның аясында Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросының директоры Павел Солохпен кездесу өткізіп, түрлі мәселелерді талқылады. Қос тарап жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті тұстарын, ағымдағы тәуекелдер, «шиеленісті нүктелерде» орын алып отырған жағдайлар бойынша пікір алмасты. Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретіндегі белсенді ынтымақтастығын атап өтті. Сонымен бірге еліміздің аймақтық қауіпсіздік құрылымдарының қызметіне және БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуға қатысты көзқарасын түсіндірді.
Өз кезегінде Павел Солох Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді төрағалығын және Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздік саласындағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, осылайша Қазақстанның бүкіл Орталық Азия аймағының мүддесін қорғап келе жатқандығын жеткізді.
Қазақстан мен Польша тарабы экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың бірлескен шараларын, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ынтымақтастық аясын кеңейтуді, сондай-ақ Еуропалық одақ пен Орталық Азиядағы жағдайлар туралы егжей-тегжейлі талқылады.
Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»