• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2018

Алматыда Полиция күні аталып өтілді

1001 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесіне орай өткен айтулы шараға ІІМ-нің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Талғат Құлыбаев, Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, милиция генерал-майоры Рүстем Қайдаров, полиция генерал-лейтенанты Василий Симачев, Алматы қалалық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы милиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-Кеней және тағы да басқа шенділер қатысты.

Осы салтанатты шара барысында КСРО ІІМ-нің құрметті қызметкері, милиция генерал-майоры Мақан Есболатовқа арналған бюсттің ашылу рәсімі өтті. Айтулы азаматтың есімі көпшілікке жақсы таныс. Ол 45 жылдан аса уақыт бойы осы салада жемісті еңбек етті. 1973-1980 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің Ішкі істер министрі болды. Өз ісінің білгір маманы, ұлтының адал перзентінің еңбегі лайықты бағаланып, әр жылдары Мақан Есболатұлы түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды.  

Мерекелік шара барысында Академия курсанттарынан құралған жиынтық жасақ жауынгерлік қабілеттерін байқатып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. 

Академия жайында қысқаша мәлімет берсек, осы білім ошағында  қызмет атқаратын 450-ден астам жеке құрам бар, оның ішінде 80-нен астамының ғылыми дәрежесі бар. Сонымен қатар жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет етеді, ал курсанттар саны 1000-нан асады. Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институттары, 15 кафедра 3 оқу орталықтары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Академия «Құқық қорғау қызметі» бойынша бакалавр, магистратура және PhD докторонтура, 2013 жылдан бастап, «Ақпараттық жүйелер» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Тәуелсіздік жылдарының басынан бері аталмыш Академияны бітірген 22 қызметкер полиция генералы атағын алды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ