• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Маусым, 2018

Елордада «Астана кубогы» үшін бәйге түрлерінен жарыс өтеді

1536 рет
көрсетілді

Астана қаласының 20 жыл­дық мерейтойы қарса­ңын­да, алдағы 6 шілде күні Мә­дениет және спорт министр­­лігі, Ұлттық спорт түр­лері қа­уымдастығының ұйым­дастыруымен елорда ірге­сіндегі «Қазанат» атшабарында «Астана кубогы» үшін бәйге түрлерінен жарыс өтеді. 

Министрліктің ұлттық спорт түрлері жөніндегі сала маман­дарының алдын ала таратқан мәлі­метіне жүгінсек, елорданың даталы тойына орайластырып отырған жарыста жүйріктер екі қашықтық бойынша (аламан және топ бәйге) сыналады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Оны ұсынушы – Астана қаласының әкімдігі.

Сонымен қатар 25 шақырымдық аламан бәйгеден озып келген ат иесіне сәйгүлігін дұрыс баптап, оздырғаны үшін жекелей 6,6 миллио­н теңгенің сыйақысы берілмек. Бұл жарыстарға барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,  «Егемен Қазақстан»