• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2018

Түркістан облысының ардагерлері «Егемен Қазақстан» газетінде қонақта болды

572 рет
көрсетілді

Астананың 20 жылдығы мерекесі қарсаңында Елордаға киелі Түркістан облысынан келген бір топ ардагерлер қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде болып, редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты.

Бас басылымды қызыға оқитындарын жеткізіп, игі тілектерін айтты. Емен-жарқын кездесуде тариxтан бастап, ауылдағы мәселелерге дейінгі біраз дүниелер талқыланды. Оқырмандар газетте көтерілген мәселелердің халықтың қолдауына ие болып жатқаны, тарихи - рухани жаңғыруға қатысты тақырыптардың көкейден шығатынын айтты.

«Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Д. Қыдырәлі басылымның қазіргі жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы айтып берді. Кездесу соңында, газеттің тарту-таралғысы жасалып, естелік суретке түсті.

Құрманәлі ҚАЛМАХАН,

"Егемен Қазақстан"