• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Жеребе тарту рәсімі өтті

842 рет
көрсетілді

Кеше кешкісін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тарту рәсімі болып өтті. Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жеребе тарту Орталық сайлау комиссиясының отырысында жүзеге асырылды. Жеребе тарту рәсіміне пар­­­­тия­­­лық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өкілдері қа­­­­­тысты. Ал рәсім мынадай тәртіп бойынша өткізілді. Түсі мен мөл­­шері бірдей конверттерге Орта­­­лық сайлау комиссиясының мү­­­ше­­­сі ОСК партиялық тізімдерін тіркеген партиялардың санына сәй­кес реттік сандары бар парақ­тарды салды. Бұл ретте бір конвертке нөмірі бар бір ғана парақ салынды. Конверттер желімделіп, ара­­­­лас­­­тырылды және барлық қатысу­­­шылардың көз алдындағы үстелге жайылып тасталды. Одан кейін әрбір саяси партияның өкілі кезек-кезек үстелден кез келген кон­­­верттің біреуін таңдап, оны ашты. Ішіндегі парақты алып, ондағы нө­мірді жариялады. Конверттегі нөмір саяси партияның сайлау бюл­летеніне енгізілетін реттік са­ны болып табылады. Ал жеребе тарту рәсімінің нә­­­­­­­­­тижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде сая­си партиялардың атаулары сай­­­­­­­­­­­лау бюллетенінде келесі тәртіп­­пен орналасатын болады: 1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы. 2. Қазақстанның Патриоттары партиясы. 3. «Руханият» партиясы. 4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы. 5. Жалпыұлттық социал-демократиялық халық партиясы. 6. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы. 7. Қазақстан социал-демо­­кра­тиялық «Ауыл» партиясы. 8. «Әділет» демократиялық партиясы.