• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Танымдық, тағылымдық мәні зор

537 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойы қарса­ңын­да белгілі көсемсөзші әрі жа­зушы Бейбіт Сапаралының «Тұңғыш Президенттің бала­лық шағы» деген кітап-альбомы жарыққа  шықты.

Ғұмырбаяндық деректер мен естелік-толғаулар молы­нан қам­тылған, сирек кездесетін фотоқұ­жаттармен безендірілген бұл кітап-альбом «Әф­са­намен өрілген аңыз ғұмыр», «Үш­қоң­ыр жай­лауын­да туып-өстім!», «Қасиетің­нен айна­лайын, Қас­келең!» және «Бо­ла­шақта кімдер болмақ Президент?» атты төрт бөлімнен тұрады. Автордың еліміздің Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.­Ә.Назар­баевтың балалық шағы, есею жыл­дары туралы осы аттас кі­табы 1995 жылы жеке кітап болып шыққан еді. Ал бұл кітапқа Бейбіт Сапаралы сол кітапты негізге ала отырып, тың деректер мен Президент­тің сыныптаст­а­рының айтқан соны пікір-естеліктерін, өскен ортасын, туған өл­кесін шынайы көрсете білген екен. Сондықтан да автордың атал­ған еңбегі еш боямасыз тар­тымды оқылады. «Тұңғыш Президенттің ба­ла­­лық шағының» тағы бір ерекшелігі, бұл дүниеде өлкетану, жам­былтану, сондай-ақ нұр­сұлтан­тану тақырыптарына бай­­ланысты кейбір өзекті мә­селелердің де қам­­тылуы дер едік. Осы арқылы да кітап-альбом өзінің танымдық, тағы­лымдық және насихатшылық қырын арттырып отыр. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.