Астана әкімдігі жаңа дәстүр қалыптастырды. Енді елордада дүниеге келген әрбір сәбиге өмірінің алғашқы кезеңінде қажетті заттары бар жиынтық табысталады, деп хабарлайды Елорда инфо сайты.
Сыйлық жиынтығы 17 заттан тұрады: тоқыма кеудеше, тоқылған бас киім, қолғаптар, тоқылған жамылғы, 2 жаялық, 2 жейде, 2 телпек, 4 жұп шұлық, конверт, сәбидің алжапқышы, сөмке т.б. Баланың алғашқы айында қажетті бұл заттардың барлығы отандық өнім.
Айта кетейік, күн сайын елордада 70-80 сәби дүниеге келеді.