• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Қызметтің жаңа бағыттары

323 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда «Самұрық-Қазына» АҚ-тың 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді. Жоспарда қызметтің шешуші  көрсеткіш­тері­нің стратегиялық өндірістік, қар­жылық, әлеуметтік, индустриялық-инновациялық топтары көрініс тапқан. Сондай-ақ жоспарда 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасына, ин­дус­трияландыру картасына және басқа да салалық бағдарламаларға енген стратегиялық инвестициялық жобалар қамтылған. Сонымен бірге директорлар ке­ңесі «Самұрық-Қазына» АҚ-тың жаңа редакциядағы ережесін бекітті. Онда қор басқармасының қыз­меті егжей-тегжейлі регламенттелген.

«Егемен-ақпарат».