• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2011

Шетелдік компаниялар өкілдерін қабылдады

312 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарашығанақ жобасы жөніндегі Шетелдік компаниялар консорциумының өкілдерін қабылдады. Кездесуге «БиДжи Групп» ком­паниясының бас атқарушы ди­ректоры Фрэнк Чапмэн, «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы дирек­то­ры Скотт Дэвис, «Лукойл» ААҚ вице-президенті Андрей Кузяев, «ЭНИ» концернінің барлау және өңдеу бөлімінің өндірістік бас директоры Клаудио Дескальци, «БиДжи Групп» компаниясының Еуропа мен Орталық Азия өңір­лері бойынша басқарушы дирек­торы Эшли Алманза қатысты. – Қазақстанға қош келдіңіздер. Сіздер біз үшін өте маңызды кезде келіп отырсыздар. Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын ме­рекелеуде. Премьер-Министр маған баяндағандай, сіздер біз көптен бері жұмыс жүргізіп келе жатқан мәселе бойынша келісімге келіпсіздер. Жұмыс оңайға түс­кен жоқ. Біздің министрліктер, «Самұрық-Қазына» қоры, біз­дің серіктестеріміз – сіздер қа­жырлы жұмыс істедіңіздер. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Осы жылдар ішінде біз сіздермен бірлесе жұмыс істеп ке­леміз, Шетел инвесторлары ке­ңесінде кездесеміз. Мен сіздерге әрдайым қолдан келген көмегімді көрсеттім. Қарашығанақ жобасы жақсы дамып келеді. Қазақстан үшін бұл ірі мұнай және газ кен орны үлкен мәнге ие, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. – Президент мырза, үлкен рах­мет. Алда келе жатқан Тәуе­лсіз­дік күніне орай шын ықыласты құттықтауымды білдіруге рұсат етіңіз. Сіздің дана басшылы­ғы­ңызбен Қазақстан орасан жұ­мыс­тар атқарды және адам сенгісіз табыстарға жетті. Сөз жоқ, Қа­зақстан Орталық Азияда көш­бас­шы саналады және батыс әлемі­нің үлкен бөлігі сіздердің эко­но­микалық жағдайларыңызға қызы­ға қарайды. Сіз елдің одан әрі қа­рышты дамуы үшін тамаша тұ­ғыр­нама жасадыңыз, – деді Ф.Чап­мэн. Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларға «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарын тап­сырды.