• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2018

Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy»-на барды

312 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

***

«Almaty balabaqshasy» балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.