Қазақстан халқын Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Қысқа уақыт аралығында Қазақстан астанасында Ядролық қарусыз әлем жөніндегі халықаралық форумдарды қоса алғанда бірқатар жоғары деңгейдегі саяси және дипломатиялық іс-шаралар өткізілді.
Былтыр Астанада болашақ энергиясы тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі табысты өтті. Қазақстан АҚШ-тың энергетика саласындағы маңызды экономикалық серіктесі. Сондай-ақ Париж келісіміне қосылу, таза энергия және климаттық өзгерістің алдын алуға арналған басқа да халықаралық күштерге қолдау білдіреді.
20 жылдық тарихы бар Астана Орталық Азиядағы заманауи қалалардың біріне айналды. Шаһар – Шығыс пен Батыстың арасындағы байланыстырушы көпір.
Вашингтон мен Астана арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамытуды қалаймын. Аталған серіктестік экономика және қауіпсіздік салаларындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ егеменді, тұрақты және саяси еркін Қазақстанның дамуын нығайту жолындағы іс-әрекеттерді қамтиды. Аталған жетістіктерді ескерсек, Астана ортақ мақсаттарға қол жеткізуде басқа елдер мен серіктестер үшін үлгі болады.
Элиот ЭНГЕЛ, Нью-Йорк штатындағы АҚШ-тың Өкілдер палатасының мүшесі