• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2011

Ел еңсесін тіктеген тұғырлы жылдар

359 рет
көрсетілді

Талай буын көксеген ел мұ­раты ақталып, Қазақстан­­­ның тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. Бұл мыңдаған жыл­дарды артқа тастаған көне тарих үшін қас-қағым сәт. Алай­да, еліміз осы жиырма жылда қарыштап дамыды. Эко­­номи­када, мәдениетте, ғы­­­лымда әлем елдерін таңдан­дыр­ған же­­тістіктерге жетті. Бұл жәй айтылған сөз емес. Тұңғыш Президентіміздің сара басшы­лығы арқасында бү­­­­кіл қазақ­стандықтардың жұ­мы­­­ла атқар­ған еңбегінің жемісі. 1995 жылы жалпыхалық­тық референдум арқылы жаңа редакцияда Конституция қа­был­данды. Конституцияның 1 бабында Қазақстан зайырлы, әлеуметтік мемлекет деп нақ­­­­ты жазылды. Демек, мемлекетімізде халықтың әл-ауқатын арт­тыру дамудың негізгі ба­­­ғытына айналды деген сөз. Кейде жақсы мен жаманды салыстырудың керек тұстары­ның барын айта кету керек деп ойлаймын. Өйткені, шынайы ақи­қат салыстыру арқылы кө­рінеді. Біз Кеңес одағы құла­ған­­­нан кейінгі тоқсаныншы жыл­­дарды еске түсіріп, 20 жыл­ға кейін шегініп көрей­­­­ік­­­ші. Көз алдымызға то­қыраған өнеркә­­­сіп орындары, зауыт­­­тар, қира­ған колхоз-совхоздар, сыйқы кеткен ауыл, елді мекендер келеді. Бұ­зыл­ған ба­­ла­бақ­шалар, мәдениет ошақта­­ры, театрлар, кітапханалар жа­­­былып, халық өмірін мүл­дем қиындата түсті. Оған қоса дү­кендер мен ба­зарлардағы ұзын-сонар кезектер пайда болды. Қа­зір осы­­­лар­дың бірі жоқ. Бүгінде гүл­де­ніп, дамып келе жатқан Тәу­ел­сіз Қазақстан мемлекетін көре­­­міз. Өткен өмір­дің қиын­­дық­­­­­­тары бүгінде ұмыт бола бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы осындай әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жеңу оңайға соққан жоқ. Бұл дағда­рыстан шығудағы Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көшбас­шылық қасиетін ерекше айту орын­ды. Елді бір идея, айнала­сына топтастырып, татулық пен тұрақтылықты ту етіп, халықты алға бастауда көрегендік таныт­қан Президентіміздің еңбегі ерекше. Біз қалай айтсақ та тарих әр нәрсені өз орнына қояды. Тә­уелсіздігіміздің алғашқы 20 жылы жетістікке толы бол­ғанын келешек ұрпақ мақта­нышпен еске алып, ризалықпен айтып жүретініне сенемін. Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы қарсаңында Парламент қа­былдаған Декларация да біздің бүкіл жеңісіміз бен жетістігімізді Қазақстан халқына шынайы жеткізе білді. Қабыл­данған декларация еліміздің Тәуелсізді­­­гі­нің 20 жылдығына арналған бас­ты құ­­жат болып тарихқа енді. Елдің еңсесін көтеруді, Қазақ мемле­­ке­тінің әр азаматын қор­ғау­ды басты бағ­дар етіп алған елдің болашағы қашанда жар­қын болмақ. Тәуелсіз Қазақстан жасай бер­­сін дей отырып, Қазақстан хал­­­қы­на, әр отбасына берекелі ғұ­мыр, жарқын болашақ тілегім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тимур ҚЫРЫҚБАЕВ, «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Астана.