• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Театр 08 Шілде, 2018

Астанада Комедия театры ашылды

600 рет
көрсетілді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов театрдың көркемдік жетекшісі лауазымын атқарады, деп хабарлайды Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа мекеме «Комедия театры» деп аталады. Тұрсынбек Қабатов әзілдің барлық бағыттарын қамтитын театрдың көркемдік жетекшісі болады.

Театрда барша қазақстандықтар ұнататын «Әзіл әлемі», «Назар аудар» бағдарламалары, «КТА» ойындары және қазақстандық әзілкештердің авторлық өнер көрсетулерінен басқа, мектептер, колледждер және ЖОО-лар арасында турнирлер ұйымдастырылады.

Театр ЭКСПО көрмесі аумағында «Энергия холлы» ғимаратында орналасады.