• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2018

Қостанайлық полицейлер чемпионат жүлдегері атанды

275 рет
көрсетілді

Қостанайда өткен Президент көп сайысы бойынша Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған республикалық чемпионатта қостанайлық полицейлер бірінші орынды қанжығалады. Чемпионатқа еліміз аймақтарындағы ішкі істер департаменттерінің 120 өкілі қатысты. Әрине, олардың арасында алаң иесі «Динамо» денешынықтыру-спорт ұйымы да бар.

Жарыста жүзуден, 1000/3000 метрге жүгіруден, жамбы атудан, алысқа граната лақытудан, ұзындыққа секіруден еліміздегі полицей-спортшылар сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облыстық  ішкі істер департаментінің құрама командасы жалпы командалық бірінші орынды алды. Екінші орын Солтүстік Қазақстан спортшыларына, үшінші орын қарағандылықтарға бұйырды.

«Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде қызметкерлердің спортпен шұғылдануына, спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл жолғы чемпионат қостанайлық полицейлердің спорттық жоғары дайындығын және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті», - деді «Динамо» денешынықтыру-спорт ұйымы» қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі басқармасының басшысы Николай Князев.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай