• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2018

Шымқаланың мәртебесін шыңға көтерген

476 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жарлыққа жария түрде қол қояр рәсімінде Шымкент қаласы мил­ли­оннан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қо­сылғанын айтты. 

Еліміздің жүрегі саналатын ел­ор­даның 20 жылдық мерейтойымен тұс­па-тұс келген Шымкент қаласы тұр­ғындарының саны миллионға же­тіп, республикалық маңызы бар қа­ла­лар қатарына жатқызылғаны туралы жағымды тарихи оқиғаны зиялы қауым, ардагерлер, өңірдің мәслихат депутаттары, жастар, БАҚ өкілдері, жалпы қала халқы үлкен ықыласпен, өте жоғары әсердегі зор қуанышпен қарсы алды.

Шымкент қаласы осындай дәре­же­ге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының, Шым­кент қаласына деген ерекше на­зарының, қамқорлығының   арқа­сын­да қол жеткізді деп нық сеніммен ай­та аламын, өйткені еліміз егемендік ал­ған уақыттан бері қала халқының са­ны өсуімен қатар, әлеуметтік-эко­номикалық дамуы қарқынды жү­ріп отырды. Бүгінде қаламыздың құл­пы­рып өзгергені, дамып, өсіп-өр­кен­дегені бүкіл өңір халқы үшін зор мақ­таныш.

Оңтүстік өңірінің орталығы болып келген Шымкентке жаңа мәртебе бе­ріп және облыс орталығын киелі Түр­кіс­тан деп белгілеп, Түркістан облысы деп атау туралы егемен еліміздің тари­хын­да қалатын Жарлық шаһардың ал­дағы уақыттағы жан-жақты даму ба­ғытын айқындауға, ұлттық рухтың ұйы­т­қысы, әдеп-ғұрыптың алтын бе­сігі саналып келген, халқы еңбекқор қа­­ланың тұрғындарына үлкен жау­ап­кер­шілік пен міндеттер жүктеп, мол мүм­кіндіктер туғызатыны анық.

Еліміздің үшінші мегаполисі ретін­де экономикалық және әлеуметтік да­муы­ның жоғары сатысына қадам ба­­суына соны серпін қосып, жаңа мүм­­кіндіктер, тың жобалар мен жос­пар­ларға даңғыл жол ашып беретіні де күмәнсіз.

Қала халқының болашақта өсіп-өркендеуіне терең мән беріп, бүгін­гі және келер ұрпақтың жарқын бола­ша­ғы­на көрегендікпен көз тіккен Елбасына халықтың ақ ниетті алғысы шексіз.  

Еліміз егемендік алған кездегі Шымкент пен қазіргі Шымкентті са­лыс­­тыру мүмкін емес. Ол кезде ха­лық саны 400 мыңдай адам, шекарасы 13 мың гектар,  бюджет көлемі 1 млрд теңге көлемінде ғана болатын. 

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының саны 1 миллионнан асып, үш есеге жу­ық, жер көлемі 117 мың гектарға же­тіп, ондаған есеге өсіп, бюджет көлемі 135 млрд теңгені құрап отыр. Ал осы ара­лықта көз тартатын зәулім тұрғын  үй­лер мен әкімшілік ғимараттардың  бой көтеруі, мәдени ошақтардың, спорт кешендерінің көптеп салынуы,  қа­ла тұрғындарының мәдениет дей­гейі­нің жоғарылауы қаламыздың ір­ге­сі беки түсуіне септігін тигізді.

Мемлекеттік бағдарламалардың ма­ңыз­дылығы мен бюджет қар­жы­ла­рын тиімді пайдалану нәтижесінде қа­ла­­мызда қыруар жұмыстар атқарылды. Мәселен, атап айтар болсақ, бірнеше шағын аудан пайда болды, оның ішінде ерекше атап өтерлігі «Нұрсат» шағын ауданы, сол жердегі әкімшілік-іскерлік орталықтың ашылуы. Сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Біздің аула» бағдарламалары негізінде бір­неше кәсіпорын іске қосылса, ба­лабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханалар пайдалануға беріліп, нәтижесінде көптеген адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар қаламыздағы саябақ­тар­дың көркейе тү­суі, көшелер мен көпқабатты үй­лер­дің аулаларының жөнделуі, бас­қа да көріктендіру, абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі қала ажа­рын аша түсті, еңбексүйгіш, жа­ңа­шыл бастамаларға тез бейім­дел­гіш шым­ке­нттіктер еліміздің демо­гра­фия­лық өсу қарқынына да үлкен үлес қос­ты.

Қазіргі кезде қаламыздың үшінші қала мәртебесіне лайық болуына үл­кен серпін беретін «Shymkent City» за­манауи тұрғын және іскерлік орта­лы­ғының құрылысы басталып кетті. Ал Шымкенттің республикалық мәр­тебе алуы қаламызға инвестиция тар­туға да кең жол ашып отыр. Біздегі жо­ба­ларға қызығушылық танытқан инвесторлар өте көп. 

Мақсатымыз айқын. Шымкент қа­ла­сын ақылды қала қатарына ен­гі­зу. Ол үшін бізде мүмкіншіліктер же­­тер­лік.

Шымқаланың мәртебесінің өсуіне негіз болған Оңтүстік Қазақстан об­лы­­­сының Түркістан атауын иеле­нуі, киелі де қасиетті Түркістан қала­сы­ның облыс орталығы болуы санада сіл­кініс туғызып, отаншылдық се­­зімді те­реңдететін тың бастама, руха­ни жаң­ғырудың айқын көрінісі, ту­ризм са­ласының дамуына да үлкен сер­пі­ліс беретін жаңашылдық десем, қа­те­леспейтінім анық.

Түркістанның тарихы тереңде. Қасиетті жердің әлеуметтік, эко­но­ми­калық әлеуеті зор. Бүкіл түр­кі әле­мі­­нің саяси әрі рухани орта­лы­ғы бол­ған Түркістанның бүкіл қазақ­стан­дық үшін маңызы ерекше.

Қасиетті Түркістан атауы облы­сы­мыздың және еліміздің үшінші ме­га­полисі – Шымкенттің одан әрі қар­қынды дамуына үлкен серпіліс бе­ре­тініне сенімім кәміл.

Қаламыздағы халықтың еңбекке қа­бі­летті санатын жұмыспен қамту, жас­тарды патриоттық бағытта тәр­бие­леу, еңбекке баулу, батагөй қария­ла­­ры­мыздың құрметке ие болып оты­­руын қамтамасыз ету үшін бізде мү­м­кіндіктер бар.  Ең негізгісі, нық се­німнен кенде емеспіз.

Елбасының шымкенттіктерге ар­тып отырған сенімін ақтау үшін аян­бай еңбек етіп, барлығымыз бір жа­ға­дан бас, бір жеңнен қол шы­ға­руы­мыз қа­жет.

Бүкіл Қазақстанның мақтанышы бол­ған, жаңарған, жаңғырған Астана қала­сының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қос қуанышқа ие бол­ған Оңтүстік өңірі бірлік пен ын­ты­мақ­ты көздің қарашығындай сақтап,  Аста­наға қарап бой түзейтініне кәміл сенемін.

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Түркістан облысы