• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Шілде, 2018

Әлем чемпионаты. Шешуші ойындардың төрешілері тағайындалды

384 рет
көрсетілді

ФИФА Төрешілер комитеті Ресейдегі мундиальдің төрт соңғы матчына қызмет көрсету үшін 12 басты арбитр, 26 көмекші мен 10 видеокөмекші тізімін анықтады.

Айта кетейік, соңғы тізімде Колумбия - Англия матчында өзінің жұмысымен бірмәнді емес реакция тудырған америкалық Марк Гейгер де бар.

Жартылай финалда, үшінші орын үшін матчта және финалда кімнің қызмет көрсететіні әзірге белгісіз.

Әлем чемпионаты-2018 сайтының мәліметі бойынша ақтық кезеңінде мына төрешілер болды:

АФК: Алиреза Фагани (И.Р. Иран); 

КАФ: Маланг Дьедиу (Сенегал);

КОНКАКАФ: Марк Гейгер (АҚШ), Сезар Артуро Рамос Паласуэлос (Мексика) КОНМЕБОЛ: Андрес Кунья (Уругвай); Нестор Питана (Аргентина), Сандро Риччи (Бразилия); 

ОФК: Мэттью Конгер (Жаңа Зеландия);

УЕФА: Джюнейт Чакыр (Түркия); Бьорн Кейперс (Нидреланды), Милорад Мажич (Сербия), Джанлука Рокки (Италия). 

Жартылай финал 10 және 11 шілдеде, үшінші орын үшін матч - 14, финал - 15 шілдеде өтеді.