Ирландияның Дублин қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Әлемдік додаға Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан Мақшат Мейіржан қатысып жүлдемен оралды. 23 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында Мақшат Мейіржан жүгіруден 800 м қашықтықтан чемпион атанса, сонымен бірге 200 м қашықтықтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Осы кезеңге дейін де Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралған болатын.
«Егемен-ақпарат»