• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Қаршығаның домбырасы

360 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, атақты күйші Қаршыға Ахмедьяровты еске алу кеші болып өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің осы орайдағы концерті біртуар дарынның «Атырау-Ақжайық» күйімен басталды. Оркестрге Қаршығаның ұлы Ерболат Ахмедьяров дирижерлік етті. Басқа да майталман күйшілер, өнер саңылағының Салтанат Құдайбергенова сияқты шәкірттері оның «Қосбасар», «Ел­басы», «Арпалыс», «Табыну» деп аталатын топтама күйлерін, ана­сы­на арнаған «Мама», немересіне арнаған «Жұлдызым», тағы бас­қа әндерін орындады. Еске алу концерті күй ұранымен түйінделді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, оркестр директоры Еркебұлан Мүсіреп, күйшінің жар қосағы Нұрбике жеңгей көпшілікке ақ тілекті естелік әңгімелер айтты. 30 жылдай бірге қызметтес болған іні досы, оркестрдің қазір­гі көркемдік жетекшісі, күйші Тұяқберді Шәмеловке 1970 жылы Қаршыға ағасы атақты шебер Романенко жасаған домбырасын сыйлаған екен. Сахнаға көтерілген күйші Тұяқберді сол домбыраны 41 жылдан кейін ұстазының отбасына қайыра сыйлады. «Бұл домбырамен Қаршыға ағамыз консеваторияны бітіріп, жеңгемізге үйленіп, шығармашылық шабытты әрі бақытты шақтарын бастан кешіре жүріп, талай күйлерді құйқылжыта ойнаған еді. Енді ол Қаршекеңнің көзіндей болып, отбасының қастерлі жәдігерлерінің қатарынан орын алсын» деді жөн білетін өрелі өнерпаз. Қорғанбек АМАНЖОЛ.