• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2018

ҰҚК қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

681 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Мереке құрметіне ведомстволық ту көтерілді. ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов ардагерлер мен жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтай отырып,

«Бұл күн біздер үшін Отанға адал қызметтің тамаша дәстүрін, қызметкерлер буынының ажырағысыз байланысын танытады, жанқиярлық батылдық пен намыстың символы болып табылады» деді.

Салтанатты жағдайда үздік қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.  Қызметкерлердің бұдан әрі де ҰҚК алдына Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды мүлтіксіз орындайтындарына сенім білдірді. 

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.