• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Болашақ тірегі жастар

1045 рет
көрсетілді

Елдің ертеңі – жастар. Олар мықты болса, білімді, саналы болса, мемлекеттің болашағы жарқын, келешегі кемел. Сол жастар Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қорытындыланып жатқанда не дейді, қандай проблемалары бар, не тындырды, болашақтағы жоспарлары қандай дегенге келсек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика институтында Тәуелсіз­діктің 20 жылдығына арналған жастар форумы болып өтті. Оған қалалық жастар орталығы, “Жас Отан”  жастар қанаты, Cтуденттер Альянсы өкілдері, “Бәйтерек” қоғам­дық бірлестігінің мүшелері және педагогика институтының студенттері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады. Онда­ғы көтерілген мәселелер туралы айтар болсақ, Тәуелсіз­діктің 20 жылдығында Қазақстан қандай белестерден өтті, оған жастар қандай үлес қосты. Елдің саяси-экономикалық жағдайы, ертеңгі болашағы, бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстар таразыланды. Оңтүстік Қазақстан облысының 14-29 жас аралығындағы тұрғындарын есепке алғанда, облыстың 30 пайызын жастар құрайды екен. Яғни, үлкен күш, үлкен мүмкіндік. Шымкент қалалық жастар одағының төрағасы Заңғар Үсіпахметов те Қазақстанды өркендетуде жастардың жұмыла күш қосуы үлкен белестерге жеткізетіндігін айтты. Екі мыңыншы жылдардың басында студенттердің шә­кірт­­ақысы 1700 теңге болса, қазір 15000 теңгеге жетті. Үкі­мет тағы да көтеру ниетінде. Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы қабылданды. “Жол картасы – 2020”, “Дипломмен – ауылға” бағдарламалары жастар үшін жақсы жұмыс істеді, үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. ОҚМПИ-дің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Нұркен Аралбеков мемлекет тарапынан қабылданған кадрлық резерв жүйесінің жастарды ынталандыруда үлкен рөл атқарғандығын айтады. 2009 жылы осы институтта резервке 70 адам мүше болса, алды мемлекеттік мекемелерде табысты жұмыс істеп жатыр екен. Басқосуда, сондай-ақ  бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отырған елімізге жат діни ағымдардың әсерінен жастарды арашалау мәселесі де көтерілді. Бақтияр ТАЙЖАН, Шымкент.