• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Ұлттық бірлік – ұлы жетістік

492 рет
көрсетілді

Мен Моңғолия қазақтары­ның арасында елдік істерге талайдан араласып жүрген адам­мын. Барлық құрылтайларға қатыстым. Биыл Астанада өткен құрылтайда да Нұрекең сали­қалы сөзімен бәрімізді разы етті.  Кеше ғана Астанадағы Тәуелсіз­дік сарайында болдық. Халқы­мыздың игі жақсыларымен ара­ласып-құраластық. Елбасымыз­дың жан-жүректі толғандырған сөзін естідік. Қанаттандық. Мейірлендік. Қазақ елінің Тәуелсіздігі дү­ниеге қайта келгенде жер ша­рының қай тарабында жүрсе де бойында қазақтың қаны бар адамның барлығының жүрегіне шаттық ұялап, қатты толғанған еді. Міне, бүгін сол  күдік те, тол­ғаныс та бәрі артта қалып,  атасында көрмегенде ботасында көріп жатыр біздің қазақ. Бұл жылдар ішінде Елбасымыз қа­зақ­тың бірлігін бекемдеу жо­лын­да ұлы істер атқарды. Ұлт­тық бірлік – ұлы жетістік. Қазақстан өзінің тұңғыш Президентін аса көрегендікпен қалап алғандығын осы 20 жыл әбден дәлелдеп берді. Қазақ елі­нің бақ талайына сай тарих дүниеге әкеліп берген Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаев өзінің терең білімімен, дана ақыл-ойы­мен, жоғары адамгершілігімен, озық бастамасымен, батыл ұстанымдарымен төрт құбыласы тең басшы екендігін айдай әлем­ге тамаша танытты. Елдің ахуа­лы, келбеті осыдан 20 жыл бұрын қандай еді, бүгін қандай? Бұл елмен тұстас тәуелсіздігін алған басқа елдер қазір қандай күйде? Бұл сұрақтарға әрбір саналы адам жауап бере алады. Ең бастысы, Нұрсұлтан Назар­баев­тың талантты көшбасшы­лы­ғының арқасында Қазақстан өзінің егемендігін батыл ше­шім­талдықпен жеңіп алып, тәуел­сіздіктің барлық мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің нәтижесінде қысқа мерзімде етек-жеңін жи­ып, талай тарихи ғасырларға татырлық қарышты қадаммен алға тартты. Әсіресе, Құдай бетін ары қылсын, ішкі ұлттық және саяси қақтығыстар мен асқынған алауыздықтар шығып, елдің құт-берекесін қашыратын қасіретті жағдайдың туында­уына жол бермегендігі әркімді сүйіндіретін үлкен ерлік. Нұрсұлтанды бізге Жаратқан Иеміз сыйлаған, тарих сыйла­ған, өсер елдің маңдайына жаз­ған. Нұрекеңнің қадамына әр­дайым құт дарып, халқының нұрлы болашағы жолында ерлікпен, жігермен алға басып, ғұмыр жасы ұзақ болуын халқы тілеп, үлкен үміт артып отыр. Расында да, Қазақ елінің маң­дайына Нұрекеңді Алла өзі берген. Әр нәрсенің өзінің орны болады. Кезегі келгенде айтыл­ма­ған сөз жетім демей ме?  Қа­зақ елінің 20 жылдығында еленбеген еңбек қашан еленеді, осын­дайда айтылмаған сөз қа­шан айтылады деген оймен кө­ңілімдегіні ақтарып айтып жа­тыр­мын. Мұндағы тағы бір ойым елдегі қандастарымыз басына қандай бақ орнап отырғанын біле түссе дегенім. Қазақтың  бағы артып, мерейі таси берсін. Алыстағы аға­йын­дарыңыздың жүрекжарды тілегі осы. Үзбен ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Моңғолия жазушылар одағының мүшесі,  Моңғолияның еңбек сіңірген байланысшысы.