• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2018

Жолдағы жемқорлықты болдырмау жолындағы шара

541 рет
көрсетілді

«Пара берсең жазаланасың». Ақтауда «Арнайы мониторинг тобы» мүшелері жол полициясы қызметкерлерімен парақорлыққа қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірнеше күн қатарынан «Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 10 қадамы» аясында қала жолдарында рейдтік шаралар өтіп жатыр.

Рейдке облыстық «Арнайы мониторинг тобы» мүшелері қатысты.

Жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты – жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіру.

«Пара берсең жазаланасың» атты парақшада «Пара беруші 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп нақты жазылған.

Яғни, тек пара мен заңсыз сыйақыларды алушылар емес, пара берушілер де қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар