• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2018

«Kazakh Tourism» компаниясы экспедиция ұйымдастырмақ

660 рет
көрсетілді

Астана қаласының 20 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстанның ең маңызды табиғи нысандары бойынша экспедиция ұйымдастырмақ.

Жаңа туристік бағыттарды қалыптастырып, табиғи, тарихи, киелі мекендерді зерттеу мен ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамытуды көздеген экспедиция 2018 жылғы 18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару арқылы өт­кі­зіледі. Бағыттар: «Тянь-Шань мар­жаны» – Алматы облысы; «Алтай – өркениет бесігі» – Шы­ғыс Қазақстан облысы; «Жоңғар Алатауы» – Алматы облысы; «Са­рыарқа» – Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары; «Теңізден теңізге дейін» – Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары; «Жаңа Жібек жолы» – Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары.

«Біз қазақстандықтардың туған жерімізді, ата-бабамыздың мұрасын тануға қызығушылығы артып келе жатқанын байқап жүрміз. Еліміздің табиғаты ерекше – мұнда тау да, жазық та, көл де, өзен де бар. Сондықтан біз Алтайдан Жібек жолына де­йінгі аралықты қамтитын экспе­ди­цияны ұйымдастырып отыр­мыз. Кәсіби мамандардан құ­ралған топ еліміздің ең тартым­ды жерлерін аралап, олар ту­ра­лы қазақстандық және шетелдік ту­ристерге баяндайтын болады. Сонымен қатар сол жерлердегі туризмді әрі қарай дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық ше­шім­дерді табуға мүмкіндік бере­ді», – деп атап өтті «Kazakh Tou­rism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы  Рашид Күзембаев. 

Экспедицияға 140-қа жуық адам қатысады. Олардың қа­тарына кәсіби гидтер мен тә­жі­ри­белі саяхатшылар, журна­листер, тревел-блогерлер, сон­дай-ақ депутаттар мен медиа тұлғалар кіреді. «Жаңа Жібек жолы» бағыты бо­йынша Natio­nal Geographic Ресей тобы да қа­тысады. «Экспедиция осы сәр­сен­біде басталады, әркімнің осы жол­дан дәмесі барына сенім­дімін. Басты міндет – алдымызда 6 аймақты туристерге жаңа қы­рынан таныстыру. Біз жаңа әсер­ге бөленіп, жаңалықтарды ашу үшін шетелге шығудың қа­жеті жоқ екенін көрсеткіміз ке­леді, себебі еліміздің тарихына қатысты ең маңызды да қызықты жерлердің барлығы өз елімізде ор­наласқан», – дейді Kazakh TV телеарнасының директоры Сан­дуғаш Рахымжанова.

Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары туралы жаңа туристік бағыттар, са­палы фото және видеобанктер құ­рылады, олардың қазір­гі күйі туралы өзекті ақпарат алынады. 

Сонымен қатар экспеди­ция барысында қамтылған таби­ғи нысандар бойынша иллюс­тра­цияланған жолнұсқа жасала­тын болады. Экспедиция барысы БАҚ беттері мен әлеуметтік же­лі­лерде кеңінен көрсетіледі. Экспедиция құрамына турис­­тік нысандарға бару нәти­жесі бо­йынша арнайы телеви­зия­­лық бағдарлама жасауды жос­­­пар­лап отырған «Kazakh TV» те­леарнасының түсірілім то­бы кірді. Кейбір бағыттарына «Ха­­­бар-24» арнасындағы «Жер­­­­ұйық» бағдарламасының  түсі­­­рі­­лім тобы қосылатын бо­­ла­ды. Экспедицияның рес­­ми ме­диа-серіктесі – «Хабар» агенттігі.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»