• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік тойына ықыласты құттықтаулар мен ізгі тілектер

475 рет
көрсетілді

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты­­­на мемлекет, Үкі­­­­­мет басшыларынан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекшілерінен Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Тәу­елсіздігінің 20 жыл­дығына бай­ла­нысты келіп түсіп жатқан құттық­тау­лар ­жалғасуда. Абдулла ГҮЛ, Түркия  Президенті. Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мырзаға Құрметті Президент, қымбатты бауырым! Жоғары Мәртебелі Сізді және бауырлас Қазақстан халқын дос және бауырлас ел – Қа­зақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойымен жеке өзімнің және түрік хал­қының атынан шын жүректен құттықтаймын! Бауырлас Қазақстанның, тәуелсіздігін алға­лы бері өткен 20 жылдық мерзімде Аса Мәр­тебелі Сіздің көреген жетекшілігіңіз арқасында егемендігін нығайтып, экономикасын күшейтуі­не және халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналуына қуана-қуана куә болдық. Бұл жетістіктерді мақтан тұтамыз. Қазақстанмен арамыздағы ортақ тіл, тарих, мәдениет және құндылықтардан қуат алатын байланыстарымыздың барлық салада жоғары деңгейге көтерілуі біз үшін үлкен қуаныш. Стратегиялық әріптестік дәрежесіне жеткен екіжақты қарым-қатынасымыздың алдымыз­да­ғы кезеңдерде де өзара мүдделер негізінде одан әрі арта түсетініне нық сенімдімін. Осы сәтті пайдаланып, Жоғары Мәртебелі Сіз­­ге денсаулық пен бақыт, дос және бауырлас Қа­­зақ­стан халқына амандық және гүлдену тілеймін.   Мишлин КАЛЬМИ-РЕЙ, Швейцария Конфедерация-сының Президенті. Жоғары Мәртебелі Президент! Сізді, Қазақстан Үкі­меті мен халқын Қа­­зақстан Респуб­лика­сы­ның Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай Швейцария Федералды Ке­ңесінің атынан құттықтай келіп, Сіздің еліңіздің өркендеп, дамуына тілектестігімді білдіремін. Біз екі ел арасындағы соңғы жылдары қа­лыптасып, нығайған достық байланысты баға­лай­мыз. Біздің елдердің жоғары деңгейдегі кездесулері достық қарым-қатынасымыздың лай­ық­­ты дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан Республикасы мен Швейцария Кон­федерациясы арасындағы достық және ынтымақ­тас­тықтың болашақта да нығаятынына сенімім мол.   Реджеп Тайып ЕРДОҒАН, Түрік Республикасының Премьер-министрі. Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мырзаға Құрметті Президент, қадірлі бауырым! Сізді және бауырлас Қазақстан халқын бау­ырлас ел – Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 20 жылдық мерейтойымен жеке өзімнің, үкіметімнің және түрік халқының атынан шын көңілден құттықтаймын! Тәуелсіздігін алған сәттен бері өткен мерзімде Сіздің көреген жетекшілігіңізбен барлық салада елеулі жетістіктерге қол жеткізген, ха­лық­ара­­­лық қауымдастықтың беделді мүшесіне ай­налған және экономикалық және саяси тұрақ­ты­лығымен Орталық Азия аймағында жетекші ел дәрежесіне жеткен Қазақстанның гүлдену жо­лын­­дағы ынта-жігерлері арта түсетініне нық сенімдімін. Түркия халықтарымыз арасындағы ортақ тарих, мәдениет және тілден күш алып, стра­тегия­лық деңгейіне көтерілген қарым-қатынаста­ры­мыз­дың бауырластық негізінде барлық салада одан әрі нығая түсуіне үлкен мән береді. Сіз жетекшілік етіп отырған бауырлас Қазақстанда да дәл осын­дай саяси ерік-жігерді көру бізді қуантуда. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізге денсау­лық пен бақыт, бауырлас Қазақстан халқына амандық және гүлдену тілеймін.   Андрис БЕРЗИНЬШ, Латвия Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мырзаға Қазақстан Респуб­­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өзім­нің шын жүректен шыққан құттықтауымды білдіруге, сондай-ақ Сіздің еліңіз бен хал­қы­ңызға бейбітшілік пен әл-ауқат тілеуге рұқсат етіңіз. Мен біздің елдеріміздің арасындағы достық және сындарлы байланыстарды әрқашанда қуа­на қолдаймын. Латвия мен Қазақстанның болашақта да өзара мүдделестік туғызатын түрлі салалардағы қызметтестікті нығайта беретініне, сол арқылы өзара түсіністік пен достыққа жағдай туғы­зы­латынына сенімім мол. Жоғары Мәртебелі, аса Жоғары құрметке деген  сенімді қабыл алыңыз.   Ламберто ЗАННЬЕР, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы. Жоғары мәртебелі Президент! Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығымен Сізді шын жүректен құттықтаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге Қазақстан халқының өркендеуі мен табысқа жетуіне жеке тілектестігімді де жеткізгім келеді. Өз мемлекеттілігінің 20 жылы бойында Қа­зақстан саяси, экономика және әлеуметтік дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қа­зақ­стан ЕҚЫҰ-дағы ынтымақтас­тық­­­­ты 10 жыл­дай белсенді жүргізіп келеді және демо­кра­тия­лық институттарды құруға ерекше атсалысуда. Президент мырза, ЕҚЫҰ Іс басындағы төр­ағалығын жемісті атқару жөніндегі оқиғамен және Астана Саммиттің табысты өткізілуіне орай Қазақстанды жеке құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Үстіміздегі жылы біз сондай-ақ ЕҚЫҰ Үштігінің мүшесі ретінде Қазақстанмен жұмыс істеу мәртебесіне ие болып отырмыз, әсі­ресе, Литвалық Іс басындағы төраға Ұйым мен Ауғанстан ынтымақтастығын әрі қарай ны­ғайту жөніндегі қазақстандық бастаманы жүзеге асы­руды жалғастырып келеді. Өзіңізге белгілі, Ұйымның бастапқы нүк­­­тесі іргелі еркіндік пен демократиялық үкімет, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен энерге­ти­ка­лық қауіпсіздік, экономика мен экология сала­сын­да­ғы ойлы басқару, мемлекеттер ара­­­­­сын­да­ғы сая­си-әскери ынтымақтастық және қауіп­сіз­дік мә­селелеріндегі толымды амалдар 56 мүше-мем­лекеттер арасындағы келісім бо­лып табылады. Қауіпсіздік мәселелеріндегі осынау ауқымды көзқарас ЕҚЫҰ-ның берік болып қала беруіне мүмкіндік береді. Мұндай қадам Астана Ме­рейтойлық Декларациясын қабылдауға ұласқан 2010 жылғы Саммит барысында барлық 56 мүше-мемлекеттер тарапынан құпталғандығын қоса айтқым келеді. Президент мырза, ЕҚЫҰ атқарушы құры­лым­дары мен Қазақстан арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін алғысымды жеткізгім келеді. 2010 жылдың 3 сәуірінде Өзіңіз қа­й­та сайланғаннан кейін Сіз Ұйымға мүше елдер мақұлдаған сот билігі және заң шығару сала­сын­да реформа жасаймын деп мәлімдеген бола­тынсыз. Саяси реформаларды жүзеге асыру са­ла­сында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы Қа­зақстанға әрі қарай да ұзақ мерзімді қолдау көр­се­туге дайын екендігіне Өзіңізді сендіргім келеді. Ортақ өршіл мақсатқа жетуде бірлесе жұмыс істеуге ЕҚЫҰ дайын екендігін атап өтуге рұқсат етіңіз. Жоғары Мәртебелі Президент, Сізге деген ең жоғары сенімімді қабылдауыңызды сұрай­мын.