Жуырда Астананың 20 жылдығына орай, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Степногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Мұражайға Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің қолдауымен және «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС-ның директоры Даниял Нәбиевтің демеушілігімен 6,5 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жобаның жұртшылыққа таныстырылымы болды.
Шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының бокс федерациясының вице-президенті, олимпиялық бокс оқу-жаттығу орталығының директоры, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов, «AstanaArlans» жартылай кәсіби бокс клубының бас менеджері, 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев, Азия ойындарының чемпионы Нұржан Кәрімжанов қатысты.
Жаңа форматта Қазақстанның үшінші жаңғыруына сәйкес еліміздің индустриялық дамуына елеулі үлес қосқан қала кәсіпорындарының макеттері мен өнімдері көрініс тапты.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы