• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2018

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды

801 рет
көрсетілді

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады.

Оқиға Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында бүгін түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алған спортшы үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіледі. Алайда ақ халаттылар 25 жастағы Денис Теннің өмірін аман алып қала алмады.