• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2018

Алдағы үш күнде Астанадағы ауа райы қандай болады?

305 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Синоптиктердің болжауынша 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

Сенбі 21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С көрсетеді.

Ал жексенбі 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +18...+20°С.