• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Білім 23 Шілде, 2018

Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру рейтингісі жарияланды

176 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз-мәжілісі өтті. Спикер ретінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Атамекен»  ҰКП басқарушы директоры Олжас Ордабаев және құрылыс саласы бойынша эксперт Әлібек Марданов  қатысты.

Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын (бакалавриат) бағалау жұмысын бірлесе атқарып отыр. Бүгінде 33 мамандықтың рейтингі дайындалды. Зерттеу жұмысқа орналасқан түлектер пайызы мен олардың орташа еңбекақысы, бағдарламаның өзектілігін бағалау, сондай-ақ түлектердің сауалнама қорытындысы маңызды өлшем болатын әдістемеге сәйкес жүргізілді. Түлектер мен олардың жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінен алынды және Білім және ғылым министрлігі берген мәліметпен салыстырылып тексерілді.

Бірінші кезеңде Білім және ғылым министрлігінен алынған иесі көрсетілмеген мәліметтермен расталған былтырғы түлектердің жұмысқа орналасу пайызы мен орташа еңбекақыға сараптама, профессор-оқытушылық құрамның іс жүзіндегі тәжірибесіне, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына салатын инвестицияларына, білім беру бағдарламаларын дайындау дерегіне, элективті пәндер каталогына, салалық қауымдастықтар мен жұмыс берушілер бірге жасаған силлабустарға, білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитациядан өтуі туралы мәліметтеріне сараптама жүргізілді.

Екінші кезеңде салалық сарапшыларды қатыстыра отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұндық алшақтығы бағаланып, талданды. Сонымен қатар сарапшылар берілген бағдарламалар ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен формаға сәйкес еместігін (4-ақ бетке жазылған білім беру бағдарламалары көп, оның қағаз жүзінде ғана екенін растайды), сондай-ақ орфографиялық және стилистикалық қателіктері бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50-ден астам мамандықтың рейтингін ұсынатын болады.